Қоғам

Қазақстан театрының қазіргі жағдайы: өмір ме, өлместің күні ме?

CC0 / pixabay.com / Театр
Театр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
27 наурыздағы халықаралық театр күні сахна мен одан тыс қызмет етіп жүргендерді еріксіз еске түсіреді.  Кемшіліктерге көз жұмбастан, жақсы әсер сыйлаған сәттерді еске алғың келеді

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Біріншіден, Қазақстандағы Жастар жылының театр қоғамдастығында жаңа есімдерді елге танытуы мүмкін екеніне қуануға болады. Өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс секілді театрлардың тізімі толығуы да мүмкін. Көркемдік қана емес, материалдық қиындықтарды да шетке ысырып, жақсы сәттерді ғана еске алу әділетсіз болады. Заманауи қазақстандық театрдың сахнадан тыс өмірінің алаңдатқан жағдайын баяндап, дәстүр мен классикаға тоқталуға тырысамын.

Қазақстандағы театр өнерінің тарихы

Қазақ драма театры дәстүрі кинематография мен кәсіби музыкалық білім секілді кеңес өкіметінің келуінен бастау алады. Ол кезде театрдың басты рөлі мәдени-саяси үгіт-насихат жүргізу болды.  

Шымкент қаласындағы өзбек драма театры - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Шымкенттегі облыстық өзбек драма театры туралы не білеміз?
Иә, кеңес өкіметі орнағанға дейін халқымыздың ауыз әдебиеті мұрасына бай ойын қойылымдардан құралған театр мәдениеті болды. Алайда кәсіби деңгейдегі тұрақты театр институты тек ХХ ғасырдың басында құрылды.

Осы тұста қазақ қана емес, қазақстандық театрға арқау болған драматургиялық дәстүрлерді еске алмасқа болмайды. Елде көптеген театр ғимаратына ұлы қазақ жазушылары мен ақындарының есімі берілген. Павлодардағы қазақ музыкалық-драма театры Жүсіпбек Аймауытовтың, Алматыдағы театр Мұхтар Әуезовтің, ал Шымкенттегі қазақ драма театры Жұмат Шаниннің атымен аталады.

ХХ ғасырда Әміре Қашаубаев, Қалыбек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Қапан Бадыров, Шәкен Айманов, Құрманбек Жандарбеков, Күләш Бәйсейітова, Шара Жиенқұлова және Әмина Өмірзақова сынды көптеген танымал жұлдыз сахнада өнер көрсетті. Олар тек классикалық әдебиеттегі образдарды сомдап қоймай, халыққа жақын фольклоршылар баяндаған батыр, сұлу және айлакерлердің рөлін ойнады.

Тағы оқыңыз: Райымбек Сейтметов атындағы сазды драма театр туралы қызықты деректер

Уақыт өте келе театрдағы ұлттық кадрлар Ұлы Отан соғысы жылдары елге эвакуацияланған сахна шеберлерінен тәжірибе жинақтап, өнерін шыңдап отырды.

Ал кәсіби театр білімі Құрманғазы атындағы өнер институтынан бастау алады. Аталған оқу орнында театр факультеті ашылған болатын. Кейін Алматы қаласындағы Мельпомена қызметшілерінің ұстаханасы Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы болып өзгертілді. Бүгінгі таңда оған Астана қаласындағы қазақ ұлттық өнер университеті қосылды. Асанәлі Әшімов, Рубен Андриасян, Есмұхан Обаев, Юрий Ханинга және т.б. көптеген қазақстандық мэтролардан тәлім алған түлектер елдің кино мен театр өнері саласында қызмет етіп жүр. Алайда қойылым бағдарламасын оқып отырып жас режиссер, драматург және сценограф мамандарды көзіңіз шала ма?

ХХІ ғасырдағы Қазақстан театрлары

Заманауи Қазақстан театры өнері туралы айтқан кезде көз алдыңызға кішігірім "мемлекет-патшалықты" елестетуіңізге болады. Барлығы әртүрлі болғандықтан, бәрі де жақсы. Мұнда бірнеше тілде әртүрлі жастағы көрерменге арналған дәстүрлі мемлекеттік драма, әртістердің тәуелсіз қозғалысы мен театр зертханасы көрсетілген.

Жүсіпбек Аймауытов атындағы музыкалық драма театр - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры
Форма даму үстінде: көлемді драмалық, камералық, балаган көше қойылымдары және пьесаны құры оқып таныстыру. Қазақстан театр өнерінде бәсеке бар, яғни бұл сапалы даму бар деген сөз.

Әр театрдың өзіндік көрермені бар. Өздеріңіз сезіп отырғандай, мұның барлығы Алматы туралы айтылып жатыр. Қазақстанның басқа өңірлеріне қатысты айтар болсақ – бұл үлкен бос кеңістік қана. Кейбір жарқылдарды ескермегенде, қалғаны бір орында қатып тұр. Мысалы, Теміртауда балалар мен жасөспірімдер театрының "RE: ОБЛОМОВ" қойылымы көрермен қауымды таң-тамаша еткен болатын. Десек те мұны продюсер мен драматург Ольга Малышеваның жеке жетістігі деп санауға болатындай.

Ольга сұхбаттарының бірінде бізге барлық үрдістің он жылға кешігіп келетінін айтқан-ды. Неліктен көштен қалатынымыз осыдан түсінікті. Мысалы, Астанада. Дегенмен бұл жерде де жағымды сәттер болып тұрады. Максим Горький атындағы орыс драма театрына шетелдік режиссер келгенде немесе Қалыбек Қуанышбаев атындағы өнер ордасында Кизидікіндей өткір материалдарды сахналаған кезде.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы қуыршақ театры туралы қызықты деректер

Біздің театр өнеріміз – тек драматургия, актер және режиссер емес. Бұл сахнадан тыс өмір сүретіндердің еңбегі – жарық, костюм, грим бойынша суретші, қоюшылар, монтаждаушылар, дыбысты әрлеушілер, театрдың көркемдік жетекшілері, әдебиет бөлімінің меңгерушісі.

Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры
Өкінішке орай, Қазақстанда бір де бір ЖОО жарық бойынша суреткерлерді оқытпайды. Шын мәнінде, оларсыз театрдың күні қараң. Бос әбігерге салынуды жөн көрмейтін музалар аз ақша үшін жұмыс істеуге мәжбүр. Жас кадрлар өзін театрдың қалыптасқан қатарына қосылуымен ғана емес, сондай-ақ, уақыт пен дәстүрдің сынына төтеп бере білу арқылы да дәлелдейді.

Қойылым қоятын және әзірлейтін цехтарда аз ғана жалақы үшін жұмыс істейтін жасы үлкен адамдар бар. Мұндайлар жоқ болғанның өзінде, жалақы аздығынан кадрлар жиі алмасып отырады. Бұл жерде жарты миллион төлейтін орташа жалақы туралы әңгіме естіген кезде көзге жас ала отырып күлесің. Әрине, әңгіме муниципалдық және мемлекеттік театрлар туралы болып жатыр. Және бұл бар ұжымға қатысты.

Тағы оқыңыз: Ақмола облыстық орыс драма театрының құрылу тарихы

Қазақстанда актерлік шеберлік Алматы қаласындағы Асанәлі Әшімов пен Есмұхан Обаевтың "бесігінде" шыңдалады. Астана қаласында да актерлерді өнердің жілік майын шағуды үйрететін жерлер бар – ол қазақ "Қыз Жібегі" Меруерт Өтекешова, халық әртісі Гүлжан Аспетова, сахна шебері А. Омар, Лейлә Бекназар, Сергей және Наталья Матвеевтер "ұстаханасы".

Бүгінгі таңда осы азаматтардың шәкірттері театр мен кино саласын қатар алып жүр.

К.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театры - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театры
Араларыңызда "Менің сүйікті ағатайым" қойылымында (Чеховтың "Ваня ағайының" желісі бойынша қойылған) дәрігер Астровтың рөлін сомдаған Берік Айтжановты кім жақсы көрмейді?

"7+1" қойылымындағы (Кен Кизидің "Көкек ұясының үстінен ұшып өткенде" романының желісі бойынша қойылған) талантты әрі санқырлы Алтынай Нөгербекке кім сүйсінбейді?

Ресейлік қоюшылардың және Максим Горький атындағы театр труппасының коллаборациясының нәтижесін жас труппа сахналап отыр. Тың әрі тамаша.

Біздің жас режиссерлер мен актерлер немесе біздің талантты да сезімтал драматургтер шетелде тау халқының даналығы мен жанының дәстүрлерін қарабайыр оюдың артына жасырмай, заманауи сипатта мақтана көрсетсе тамаша болатын еді.

Тағы оқыңыз: Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театры туралы не білеміз

Бәлкім Қазақстандағы Жастар жылы мен Ресейдегі театр жылы осы арманға жан бітіруге себепші болады? "Дәл қазір және осы жердегіні" көбірек білгіміз келеді – біз дегеніміз осы ғой.

Қойылымға барып, сиқырлы атмосфераға еніп, театрда жұмыс істейтіндердің емес, театрға қызмет ететіндердің шынайы махаббатына бөленіңіз.

Театрға келген кезде күңгірт түсті керегелерге, ішкі толқынысын күлкісінің астына жасырған актерлерге көз салыңыз. Киіміңізді ілуге көмектескен жанға қарап жымиып қойыңыз. Себебі театр киім ілгіштен емес, сізден басталады.

Александра Поршнева – кинотанушы, Қазақстан кино сыншылары ассоциациясының мүшесі

Жаңалықтар
0