Дерекқор

Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры

© Photo : пресс-служба театраСерке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры
Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Театр репертуарында қазақстандық қана емес, шетелдік классика үлгілері де бар

Театр қалай құрылды

Өнер ордасы 1972 жылы 24 желтоқсанда өз шымылдығын Мұхтар Әуезовтің "Айман-Шолпан" комедиясымен ашты. 1978 жылы театр Николай Островскийдің "Құрыш қалай шынықты" қойылымы үшін Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды. Араға үш жыл салып, 1981 жылы театрға ұлттық театр өнерінің аса көрнекті қайраткері Серке Қожамқұловтың есімі берілді.

© Photo : Серке Қожамқұлов атындағы театрСерке Қожамқұлов атындағы театрдағы қойылым кезінде түсірілген сурет
Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры - Sputnik Қазақстан
Серке Қожамқұлов атындағы театрдағы қойылым кезінде түсірілген сурет

1988 жылы Торғай облысы жабылып, Қазақ КСР министрлер кеңесінің шешімімен театр Жезқазған қаласына қоныс аударды.

Театрдың жетістіктері

Серке Қожамқұлов атындаға театр 1985 жылы Тбилисиде бүкілодақтық ІІ жастар спектакльдері, 1989, 1999 жылдары Бішкектегі Орта Азия мен Қазақстан театрларының Наурыз және халықаралық театр фестивальдерінің арнайы жүлдесін иеленді.

комедия және сатира театры  - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Тұрсынбек Қабатовтың комедия және сатира театры
1992 жылы театр Алматы қаласында Ғабит Мүсіреповтің 90 жылдығына арналған республикалық театрлар фестивалінде "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" спектаклі үшін бас жүлде жеңіп алды. Осы жеңістің арқасында өнер ордасы 1993 жылы Мысыр қаласында өткен дүниежүзілік театр фестиваліне тәуелсіз Қазақстан театрлары атынан қатысып қайтты.

1994 жылы Жезқазған қаласында өткен Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына арналған республикалық театрлар фестивалінде екінші мәрте бас жүлде иеленді.

1994, 1996 жылдары республикалық театрлар фестивалінде екінші орыннан көрінді. Досжан Жанботаев "Ең үздік эпизодтық ер рөлі" номинациясына лайық деп танылды.

1998 жылы драма театр құрамына бұрынғы облыстық қуыршақтар труппасы қосылды.

Тағы оқыңыз: Алматыдағы қуыршақ театры туралы қызықты деректер

2000 жылы Павлодар қаласында өткен Иса Байзақовтың 100 жылдығына арналған VІІІ республикалық театрлар фестивалінде Әбділдә Тәжібаевтың "Көтерілген күмбез" қойылымы бас жүлдеге лайық деп танылды. Серік Бұлғақбаев аталған қойылымда хан рөлін сомдағаны үшін "Ең үздік ер рөлі" номинациясын жеңіп алды.

Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры  - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры
2005 жылы Қызылордадағы республикалық ХІІІ фестивальде "Тарихи тақырыпты игергені үшін" номинациясын "Кетбұға" спектаклі иеленді.

Театр ұжымы жыл сайын Қарағандыда өтетін "Театр – балалар көзімен" фестиваліне тұрақты түрде қатысып, қатарынан үш жыл жүлделі бірінші орынды қанжығасына байлады.

2002 жылы өткен театрлар фестивалінде Райхан Ибраева "Сиқырлы кітап" ертегісі үшін "Үздік драмалық шығарма", Серік Бұлғақбаев "Ең үздік ер рөлі" номинациясын жеңіп алды.

2007 жылы өткен аймақтық фестивальде Райхан Ибраеваның "Алпамыс батыр" атты ертегісі фестивальдің бас жүлдесін иеленді. Сондай-ақ, осы пьеса ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің патриоттық тақырыпқа арналған музыкалық туындылар мен драмалық шығармаларға жарияланған байқауында мемлекеттік грантты жеңіп алды.

© Photo : Серке Қожамқұлов атындағы театрСерке Қожамқұлов атындағы театрдағы "Ауған қасіреті" қойылымы
Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры - Sputnik Қазақстан
Серке Қожамқұлов атындағы театрдағы "Ауған қасіреті" қойылымы

2009 жылдың қыркүйек айында Қарағанды қаласындағы XYII республикалық фестивальде ҚР халық әртісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Досжан Жанботаев "Қанда бар ғой, қанда!" қойылымындағы рөлі үшін "Ең үздік ер рөлі" номинациясын иеленді. Сондай-ақ, ол аталған рөлі үшін "Жыл әртісі" номинациясы бойынша облыс әкімінің "Алтын қобыз" жүлдесін алды.

2010 жылы Тараз қаласындағы XVIII республикалық театрлар фестивалінде қойылған Сәкен Жүнісовтің "Жаралы гүлдер" спектакліндегі Бақыт рөлі үшін жас актер Кенжетай Абильдин "Ең үздік ер рөлі" номинациясын иеленді.

Театр актерлері

Театр қырық жылға жуық уақыт тарихында Қазақстанның барлық облысын, ірі қаласын, ауылдық жерлерін гастрольдік сапармен аралап, бес мыңға жуық спектакльдер қойды. Театр репертуарында тек қазақстандық емес, шетелдік классиканың да үлгілері бар.

Тағы оқыңыз: Тахауи Ахтанов атындағы драма театрының құрылу тарихы

Бүгінгі таңда театрда бір Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, екі ҚР еңбек сіңірген әртісі, екі "Құрмет белгісі" орденінің иегері, екі "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, бір "Тәуелсіз Қазақстанға – 10 жыл" мерекелік медалінің иегері, бір Қазақстан Республикасы Құрмет грамотысының иегері, 11 ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет қайраткері қызмет етіп жүр.

Жаңалықтар
0