Қоғам

Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желіде парақшасы бар ма – сенат жауап берді

© Sputnik / Болат ШайхиновДариға Назарбаева
Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенаттың баспасөз қызметі палата төрайымының әлеуметтік желідегі аккаунттарына қатысты түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз — Sputnik. Сенат төрайымы Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желілерде парақшасы жоқ, деп хабарлады сенаттың баспасөз қызметі.

Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Саясат
Дариға Назарбаева сенат төрайымы ретінде алғашқы тапсырмасын берді

Палата баспасөз қызметінің осындай мәлімдеме жасауына бірқатар БАҚ тарапынан қойылған сауалдар түрткі болыпты. Өйткені Назарбаева сенат спикері болып тағайындалған соң Twitter әлеуметтік желісіндегі оның атынан жүргізілген фейк аккаунт танымал бола бастаған. Қазіргі уақытта парақша жойылды. 

"Сенаттың баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрайымы Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жеке парақшасы жоқ екенін мәлімдейді. Сенат басшысы ресми парақша ашқан жағдайда міндетті түрде тексеріліп, бұл жайында БАҚ-қа ресми түрде хабарланады", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Дариға Назарбаева 2019 жылдың 20 наурызында палата депутаттарының құпия дауыс беруі арқылы парламент сенатының төрайымы болып сайланды. Жиынға қатысқан 44 сенатор Назарбаеваның кандидатурасын бірауыздан мақұлдаған.

Сенат төрайымы Дариға Назарбаева туралы не білеміз?

Бұған дейін Дариға Назарбаева сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін басқарған болатын.

Жаңалықтар
0