Театрлар бойынша интерактивті гид: Sputnik Қазақстан бірегей жоба іске қосты

© Sputnik / Владислав ВодневSputnik Қазақстанның бірегей жобасы
Sputnik Қазақстанның бірегей жобасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жоба Қазақстандағы жастар жылына және Ресейдегі театр жылына арналады

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз - Sputnik. Халықаралық Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі және радиосы бүкіләлемдік театр күні қарсаңында "Театр және жастар" арнайы жобасын іске қосты.

Жобаның басты мақсаты – оқырмандарды республикамыздағы әрбір театрмен интерактивті түрде таныстыру. Сондай-ақ театрда жұмыс істейін әртүрлі жас мамандар туралы қазақ және орыс тілдерінде қызықты материалдар жарияланады.

Театр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстан театрының қазіргі жағдайы: өмір ме, өлместің күні ме?
"Театр және жастар" жобасы – заманауи технологиялар мен классикалық өнердің қосындысы сияқты. Интерактивті гид оқырманға қазақстандық театрдың қайда орналасқанына қарамастан ол туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.

"Интерактивті картаны жасау арқылы қазақстандық театр өнерінің тамыры тереңге жайылғанын аңғардық. Біз елордадан шалғай жатқан өңірлерде қиындықтарға қарамастан театрлар жұмыс істеп, теңдесі жоқ қойылымдарды сахналап жатқанын көрдік", - дейді "Россия сегодня" ХАА-ның Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Виктор Панов.

Сонымен қатар Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігінің шеф-редакторы Динара Досмұхаметова жоба арқылы еліміздің театрлары туралы толық мәлімет алуға болатынын атап өтті.

"Арнайы жобада Қазақстандағы драма, опера, қуыршақ, музыка, тәуелсіз, жастар және жеке театрлар туралы айтамыз. Сондай-ақ жобадағы жеке парақшада спектакль туралы очерктер, халықаралық фестивальрдерде сахналанған қойылымдар, театрда болып жатқан жаңалықтар жарияланады", - деді ол.

Сонымен қатар Қазақстан театрлары бойынша интерактивті гид жобасының мобильді нұсқасы да бар.

Қазақстан театрлары: интерактивті гид - Sputnik Қазақстан
Инфографика
Қазақстан театрлары - интерактивті карта
Айта кетейік, Sputnik – ірі халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының бірі, ол 32 тілдегі мультимедиялық интернет-сайттарды, әлемнің 90-нан астам қаласында және интернетте орыс, ағылшын, француз және басқа тілдердегі баламалы және цифрлық радиохабарды біріктіреді. Sputnik-тің жаңалықтар таспасы тәулік бойы әлемдегі жетекші басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілінде ақпарат жеткізеді.

Sputnik ақпараттық ресурстарының аудиториясы айына 60 миллионнан астам адамды құрайды, Sputnik China аккаунты мен Вэйбо жазылушыларының саны 9 миллионға жетті. Бейжіңнен Монтевидеоға дейін бүкіл әлем бойынша 22 редакциялық орталықта мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Sputnik "Россия сегодня" медиатобына кіреді. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан.

Жаңалықтар
0