Қоғам

Қанат Ислам Назарбаевтың шешімі жайлы: дүние тоқтап қалғандай болды

© Sputnik / Айгюзель КадирЖеңілмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам елордаға Наурыз мейрамын тойлауға келді
Жеңілмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам елордаға Наурыз мейрамын тойлауға келді  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Спортшы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтататынын үйде отырып естіген

АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Белгілі боксшы Қанат Ислам биылғы Наурыз мейрамын Астана халқымен бірге қарсы алды. АҚШ-та жаттығып жүрген спортшы елордаға арнайы келіп, елдегі өзгерістерге қатысты бір ауыз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Боксшының Қазақстанда Наурыз мейрамын тойламағанына үш-төрт жыл болып қалған.

Нурсултан Назарбаев и Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Головкин Назарбаевтың президенттіктен кетуіне қатысты пікір білдірді
"Елордаға Елбасымыздың аты беріліп, үлкен тарихи сәттер болып жатыр екен. Елбасы маңызды шешім қабылдап, барша халық пен әлемнің көкейіндегі сұрақты бір мезетте шешті. Осылайша, ол кісі тағы бір мәрте өзінің батырлығын, мінезін көрсетті", - деді Ислам.

Спортшы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтататынын үйде отырып естіген.

"Шынын айтқанда, дүние тоқтап қалғандай сезім болды. Халық та, өзіміз де үйреніп қалдық қой. Десе де, Аллаға шүкір, жас буынның өсіп келе жатқанына, Елбасының соларға батасын бергеніне қуаныштымын", - деп ағынан жарылды боксшы.

Сонымен қатар, ол шаршы алаңға қашан оралатынын да айтты.

"Астана күніне үлкен жекпе-жек жоспарлап отырмыз. Жастар жылында қазақтың он екі батырының құрметіне жекпе-жектер ұйымдастырамыз. Тарихта қалған ата-бабалардың есімін жаңғыртсақ, ертеңгі күні жас ұрпақ біздің де есімімізді жаңғыртады", - деді Ислам.

Алдағы жекпе-жектің өтетін орны әлі нақтыланбаған, бірақ Алматыда болып қалуы әбден мүмкін, деді ол.

Жаңалықтар
0