Қоғам

Головкин Назарбаевтың президенттіктен кетуіне қатысты пікір білдірді

© Пресс-служба президента Республики КазахстанНурсултан Назарбаев и Геннадий Головкин
Нурсултан Назарбаев и Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин тұңғыш президентке тәуелсіздік пен көпұлтты Қазақстан үшін алғысын білдірді

АСТАНА, 20 наурыз — Sputnik. Танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кеше Қазақстан президенті лауазымынан отставкаға кеткен Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдады.

"Қазақстандық және елімнің патриоты ретінде біздің тұңғыш президентімізге, ең алдымен, тәуелсіз мемлекет қалыптастырғаны үшін алғыс айтамын. Біздің өз туымыз, елтаңбамыз бен әнұранымыз бар. Біздің мақтан тұтатын және жақсы көретін көпұлтты Қазақстанымыз бар", - деп жазды Головкин Instagram-аккаунтында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennady Golovkin | GGG (@gggboxing)

"Барлығы үшін рахмет, Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізге зор денсаулық, ал біздің жас елімізге гүлдену мен әл-ауқат тілеймін", - деп қосты GGG.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев – Орта Азиядағы өз еркімен биліктен кеткен бірінші президент
Айта кету керек, Нұрсұлтан Назарбаев боксшы Геннадий Головкинге әрқашан қолдау көрсетті. Өткен жылдың маусымында Головкин Қазақстан басшысына чемпиондық белбеуін сыйға тартты.  

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 19 наурыз күні республика халқына үндеуі кезінде өзінің президенттік өкілеттілігін 20 наурыздан бастап тоқтататынын хабарлады. Қазақстан басшысы міндетін уақытша сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқарады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның қауіпсіздік кеңесі мен Nur Otan   партиясының басшысы болып қала береді.

Жаңалықтар
0