Оқиға

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан үш бала қаза тапты

© SputnikЖол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның оңтүстігінде Daewoo Nexia жеңіл көлігі мен Hyundai Starex минивэні соқтығысты

АСТАНА, 14 наурыз — Sputnik. Шымкент – Самара тас жолында жантүршігерлік көлік апатынан бес жастағы екі бала мен 15 жастағы жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Қазақстанның ішкі істер министрлігі.

Автокөлік екі жол жұмысшысын қағып кетті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жол жөндеп жатқан жұмысшыларды көлік қағып кетті – видео

Сонымен бірге екі жүргізуші ауруханаға жеткізілген, олардың бірі медициналық мекемеде жан тапсырды.

"Бейсенбі күні "Шымкент - Самара" жолының 115-ші километрінде Daewoo Nexia жеңіл көлігі мен Hyundai Starex минивэні соқтығысты. Жол апаты салдарынан екі ересек адам мен екі баланы жедел жәрдем алып кеткен. Бірақ балалар ауруханаға апарар жолда көз жұмды, ал жеңіл көліктің жүргізушісі медициналық мекемеде қайтыс болды", - делінген ішкі істер министрлігі хабарламасында.

Оқиға орнына облыстың полиция департаменті бастығы аттанған.

Жаңалықтар
0