АЛМАТЫ, 13 наурыз — Sputnik. Алматыда ВАЗ-2170 автокөлігінің жүргізушісі шұңқыр жөндеумен айналысып жатқан екі жұмысшыны қағып кетті, салдарынан екеуі де жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Жол-көлік оқиғасы Алматы қаласының Медеу ауданында Тәтібеков пен Станиславский көшелерінің қиылысында болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Куәгерлердің айтуынша, жұмысшылар бригадасы таңертеңнен бастап осы ауданда шұңқыр жөндеу жұмыстарын жүргізген, олар қауіпсіздік талаптарын сақтағаны белгілі болып отыр: жұмыс орнында ескерту белгілерін орнатқан.
Күндізгі сағат екінің шамасында Тәтібеков көшесімен қатты жылдамдықпен келе жатқан ВАЗ-2170 автокөлігінің жүргізушісі ескерту белгісін кеш байқап, уақытында тоқтай алмай, бар жылдамдықпен екі жұмысшыны қаққан. Екеуі де ауыр жарақат алып, жедел жәрдеммен хәл үстінде ауруханаға жеткізілді.
Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін автокөлік жүргізушісін ұстады. Көлік иесінің апат кезінде мас болған-болмағаны анықталады.