Қоғам

Келесі жылы бала күтіміне қанша жәрдемақы берілетіні белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневДевушка у банкомата, архивное фото
Девушка у банкомата, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжілісте "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" заң жобасы таныстырылды

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова 2020 жылы бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақы мөлшерін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Купюры номиналом 500, 1000, 2000 тенге, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Әр балаға 21 мың теңге қашаннан бастап төленетіні белгілі болды
Мәжілісте "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" заң жобасын таныстырған Светлана Жақыпова бала күтімі бойынша төленетін мемлекеттік жәрдемақыға тоқталды.

"Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі бойынша республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақының мөлшері 2020 жылы: бір балаға 15 050 теңгені, екінші балаға 17 794 теңгені, үшінші балаға 20 512 теңгені, төртінші және одан көп балаға 23 255 теңгені құрайды", - деді вице-министр.

Оның айтуынша, ана бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңде мемлекет ол үшін бұрынғыдай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлейді.

"Жаңа туған балаларды және олардың ата-аналарын қамсыздандыру мақсатында әлеуметтік төлем алатындар еңбек (кәсіпкерлік) қызметін қайта қалпына келтірген жағдайда әлеуметтік төлемді жалғастыру ұсынылып отыр. Бұл ретте Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері мемлекеттік жәрдемақы деңгейіне дейін төмендетілетін болады", - деді Жақыпова.

Жаңалықтар
0