Қоғам

Әр балаға 21 мың теңге қашаннан бастап төленетіні белгілі болды

© Sputnik / Болат ШайхиновКупюры номиналом 500, 1000, 2000 тенге, иллюстративное фото
Купюры номиналом 500, 1000, 2000 тенге, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төрт баласы бар отбасының бір айлық жалпы табысы 114 мың 448 теңгеге жетеді

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев көпбалалы отбасылардағы әр балаға 20 789 теңге қашаннан бастап төленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Деньги, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
21 мың теңгені кімдер алады: Қаржы министрлігі түсіндірді
Сапарбаевтың айтуынша, күнкөріс деңгейі 1 шілдеге 14 мың 849 теңге болса, шілдеден бастап 20 789 теңгеге көтеріледі. Яғни, 1 шілдеден бастап атаулы әлеуметтік көмекті алатындар саны 260 мыңға адамға көбейіп, қазіргі 571 мыңнан 830 мың адамға дейін өседі.

"Мәселен, төрт баласы бар жалғызбасты отбасын алайық. 1 шілдеге дейін 63 мың теңге атаулы әлеуметтік көмекті алатын болса, шілдеден бастап 40 мың теңгеге көбейіп, 103 мың 945 теңгеге дейін жетеді. Ал қосымша төлемдерді есептеген кезде, бұл отбасының бір айлық жалпы табысы 114 мың 448 теңгені құрайды", - деді жаңа министр үкімет отырысында.

Сонымен қатар, шілдеден бастап отбасының жиынтық табысын есептеген кезде, көпбалалы отбасыларға, "Күміс алқа", "Алтын алқа" иегерлеріне, мүгедек балаларға төленетін жәрдемақылар мен шәкіртақы есепке алынбайды.

Мемлекет басшысы әр балаға 21 мың теңге төленетінін мәлімдеді

"Бұған қоса, тұрмысы төмен отбасының балаларына берілетін жәрдемақы мөлшері де өзгереді. Егер 1 шілдеге дейін ол 4 мың 834 теңге болса, 1 шілдеден бастап әр балаға 20 789 теңге төленеді. Бұл жәрдемақы 18 жасқа дейін, егер балалар жоғары оқу орындарында оқитын болса, 23 жасқа дейін төленеді", - деді Сапарбаев.

Ана мен бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Балаева әр балаға 21 мың теңге қалай төленетінін түсіндірді
Сондай-ақ, министр әлеуметтік көмекті тағайындаған кезде, халықты бекерден бекер сандалтпас үшін сұралатын құжаттар саны азаятынын атап өтті.
"Мұның бәрі электронды түрде жүзеге асады. Егер кейбір мәліметтер жоқ болса, ата-анаға келудің қажеті жоқ. Жергілікті жерлерде жұмыспен қамту орталықтары, әкімшіліктер тиісті мемлекеттік органдарға сұрау жасап, өздеріне қажет мәліметті алатын болады", - деді ол.

Оның айтуынша, өңірлердегі отбасылардың қажеттілігін, тұрмысын анықтау үшін әлеуметтік карталар жасалады. Осылайша, әр отбасыға талдау жасалып, ең мұқтаждарына мемлекеттен көмек көрсетіледі.

Жаңалықтар
0