Саясат

Жеңіс Қасымбек бастаған Қазақстан делегациясы Өзбекстанға барады

© Sputnik / Болат ШайхиновФлаги Казахстана и Узбекистана
Флаги Казахстана и Узбекистана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен іс-шаралар жоспарын қабылдауды жоспарлап отыр

АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек бастаған делегация Ташкентте үкіметаралық комиссияның 18-отырысына қатысады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров осы аптада Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысы өтетінін хабарлады.

Пара - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі 400 мың доллар қымқырғаны үшін айыпталды
"Қос елдің ресми өкілдері арасында бірқатар іс-шаралар, әрі Орталық Азия мемлекеттері арасында көпжақты форматта кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Яғни Ташкентте 15 наурызда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 18-отырысы өтеді. Қазақстан делегациясын премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек, ал Өзбекстан тарапын премьер-министрдің бірінші орынбасары-көлік министрі Ачилбай Раматов басқарады", - деді ол Астанада өткен брифингте.

Отырыстың күн тәртібіне қос ел арасындағы тауар айналымын арттыру, ауыл шаруашылығы, су-энергетикалық, ғарыш және ақпараттық салалардағы өзара іс-қимыл, транзит-көліктік ынтымақтастық, өңіраралық және шекара маңындағы байланыстарды дамыту мәселелері кірген.

"Тараптар сондай-ақ мәдени-гуманитарлық, білім, ғылым, денсаулық сақтау және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. Отырыс барысында 2019 жылы Қазақстанның Өзбекстандағы жылын өткізу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын қабылдау жоспарланып отыр", - деп түйіндеді сөзін Айбек Смадияров.

Айта кетейік, биыл Қазақстанның Өзбекстандағы жылы өтіп жатыр.

Жаңалықтар
0