Әлем

Зауыт жұмысшысы жылдар бойы әріптестерінің тамағына у қосып келген

CC0 / Arek Socha / У құйылған құты
У құйылған құты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция 57 жастағы ер адамның жертөлесінен зертхана тапты. Сөйтсе, ол әріптестерінің тамағына сынап пен қорғасын қосылысын қосып жүрген

АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. Германияда ер адам жылдар бойы әріптестерінің асына улы заттар қосып келген.

Слободан Праляк у ішіп тұр - Sputnik Қазақстан
Әлем
Әскери қылмыс үшін айыпталған генерал сотта у ішіп, көз жұмды

Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 23 жастағы сынақ мерзімінен өтіп жүрген жұмысшы комаға түскен, ал тағы екі қызметкердің бүйрегі ауырады, деп хабарлайды The New York Times.

Сот Шлос-Хольте-Штукенброк қаласында әріптестерін улап жүрген ер адамды өмір бойына соттады. Оның қылмысы жәбірленуші қызметкер тамағынан қоңыр түсті затты байқап қалған кезде ашылған.

Бір жарым жылдан соң тағы бір қызметкер – 23 жастағы сынақ мерзімінен өтуші жұмысшы комаға түседі. Болған жайттан кейін бөлмеге бейне бақылау камерасын орнатыпты. 57 жастағы механиктің әріптестерінің сөмкесін ашып, тамаққа сынап пен қорғасынның улы қосылысын салып жатқаны видеоға түсіп қалған. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, ол үш жыл бойы арам пиғылын іске асырып келіпті.

Полиция ер адамның үйін тінтіп, жертөледен зертхана тауып алды. Психиатрдың сөзіне сүйенсек, сотталушының есі дұрыс, өз әрекетіне толыққанды жауап бере алады. Болжам бойынша, ер адам әртүрлі қосылыстардың адам ағзасына қалай әсер ететінін білгісі келген. Ол былтыр мамырда ұсталды.

Тергеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Оның зауытта жұмбақ жағдайда қаза тапқан қызметкерлердің өліміне қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0