Әлем

Әскери қылмыс үшін айыпталған генерал сотта у ішіп, көз жұмды

© REUTERS / ICTYСлободан Праляк у ішіп тұр
Слободан Праляк у ішіп тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
У ішіп жатқан хорват генералының видеосы Желіде тарап кеткен

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Хорват қорғаныс кеңесінің бұрынғы басшысы Слободан Праляк бұрынғы Югославия бойынша Халықаралық трибуналдың Апелляциялық палатасы отырысында у ішіп, кейін Гаагадағы ауруханада көз жұмды, деп жазады РИА Новости.

Сот үкімі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Кісі өлтіргені үшін айыпталған ер адам сотта өз-өзіне қол салмақ болған

90-шы жылдары Босния мен Герцеговинада қылмыс жасағаны үшін 2013 жылы ұзақ мерзімге сотталған Праляк пен басқа да босниялық хорваттарға шығарылған 2013 жылғы бірінші инстанция үкімі расталды.

Үкімдерге сәйкес босниялық хорваттардың өз егемендігін жариялаған құрылымының экс-премьері Херцег-Босна Ядранко Прлич 25 жылға сотталды. Қорғаныс министрі Бруно Стоич пен Хорват қорғаныс кеңесінің басшылары Слободан Праляк және Миливой Петкович 20 жылға бас бостандықтарынан айырылған. Әскери полиция командирі Валентин Чорич 16 жылға, әскери тұтқындарға жауап беруші Берислав Пушич 10 жылға сотталған.

Айыптауларға келіспеген Праляк орнынан тұрып, "әскери қылмыскер емес" екенін, сот үкіміне наразы екенін айтып, кішкентай бөтелкедегі сұйықтықты ішіп жібереді.

Генералдың адвокаты оның у ішкенін ағылшын тілінде айтқан.

Отырыс  тоқтатылып, трансляция үзіліп қалды. Кейін БАҚ-да сот залында түсірілген видео жарияланған.

Асылжан Жампозов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Өмірбек Жампозовтың ұлы: әкемді сотта ақтап аламын

Пралякқа медициналық көмек көрсетіліп, өзге айыпталушылардың соты басқа залда жалғасты, өйткені бірінші залда голланд құқық қорғау органдары оқиғаны тергеуді бастап кетті.

Үкім билік өкілдері мен республика азаматтарының басым көпшілігінің наразылығын тудырды. Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович Исландияға сапарын аяқтамай, үкім салдарынан Заргебке қайтып оралған. Бұдан бұрын президент пен басқа да билік өкілдері сотталушыларды жақтаған болатын.

Трибуналдың баспасөз қызметі оқиғадан соң алты сағат өткенен кейін генералдың өлімін ресми түрде жариялаған.

Босния мен Герцеговинада хорваттар, сербтер мен босниялықтар арасында 1992-1995 жылдары қанды азаматтық қырғын болып, 1995 жылы 21 қарашада Дейтон келісімімен тоқтатылған болатын. Қақтығыс кезінде 100 мыңнан астам қаза тапқан. Келісім қазірге дейін күшін жойған жоқ.

Жаңалықтар
0