Оқиға

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысында полицейді ұстады

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуТүрмедегі адамның суреті
Түрмедегі адамның суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкері Өзбекстан азаматына тұру ықтиярхатын рәсімдеуге көмектеспек болған

АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында алаяқтық жасаған полицейге сот үкімімен 2,6 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Деньги, взятка, коррупция - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
380 мың теңге пара алып отырған: Түркістан облысында басқарма басшысы ұсталды
Ұсталған М.Жұмаділов – Түркістан облысы полиция департаменті Мақтарал аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметі бөлімінің қызметкері.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, ол былтыр 7 желтоқсанда 260 мың теңге мөлшерінде ақша алып жатқан жерінен ұсталған. Полицей Өзбекстан азаматы үшін тұру ықтиярхатын рәсімдеуге көмек көрсетпек болыпты.

Осы жылдың 25 ақпанында Мақтарал аудандық соты Жұмаділовті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-тармағы 2-тармақшасы (алаяқтық) бойынша кінәлі деп танып, 2,6 миллион теңге айыппұл салды.

Жаңалықтар
0