АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Түркістан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс басқарма басшысы тұрақты түрде 380 мың теңге пара алып отырған деген күдікке ілінді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Олар ЖШС директорының орынбасары арқылы Б. деген азаматтан серіктестіктің зерттеушілік қызметпен айналысуына мемлекеттік лицензия беру үшін 380 мың теңге көлемінде жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілініп отыр. Осы жылдың 27 ақпанында басқарма басшысы және оның жәрдем берушісі – ЖШС директорының орынбасары ұсталып, Түркістан мен Кентау қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамалды", - деді ол брифингте.
Сонымен қатар департамент директоры кінәсін толық мойындауына байланысты бөлім басшысына қатысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылмағанын, тергеу жалғасып жатқанын атап өтті.