Театрды құруда Ахмет Шәмиев, Марьям Семятова, Раушангүл Илахунова, Ахмет Супиев және т.б. әртістер көп еңбек сіңірді.
Театрдың негізгі тарихи кезеңдері
Ұйғыр музыкалық драма-театры үшін Ұлы Отан соғысы ауыр сынақ болды. Соғыстың алғашқы күндері-ақ театр труппасының саны екі есе қысқарды. Ер азаматтары толығымен дерлік қызыл әскер құрамына шақырылды.
1961 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданынан Алматы қаласына көшірілді. Осы жылы атауы республикалық ұйғыр музыкалық драма театры болып өзгертілді.
1967 жылы ұйғыр музыкалық драма театрының атауы "Ұйғыр музыкалық комедия" театры болып қайта өзгерді.
Театр жетістіктері
1984 жылы ұйғыр театры "Құрмет белгісі" орденімен марапатталды.
1997 жылы театр ұжымы Каирдегі экспериментальды қойылымдар фестиваліне қатысты.
Тағы оқыңыз: Мемлекеттік Корей музыкалық драма театры туралы деректер
2003 жылы театр Венгрияда өткен визуалды өнер фестивалінің шеңберінде қойылымдарын көрермен назарына ұсынды.
2007 жылы театр Германияның Мюльхайм қаласында өткен фестивальге қатысты.
2005 жылы 70 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан театрға ҚазКСР профессоры, халық әртісі, сазгер Құдыс Қожамияровтың есімі берілді.
Бас актерлер
Бүгінгі таңда театр директоры – Руслан Токтахунов, ал көркемдік жетекшісі – ҚР халық әртісі Мұрат Ахмадиев. Театрда "Нава", "Рухсара", "Яшлык" және "Сада" сынды ансамбльдер өнер көрсетеді. Басты рөлдерді сомдайтын актерлер - Ризат Мамутов, Ялкунжан Ярмухамедов және т.б.-лар.
Театр репертуары
Театр репертуарында қазақ драматургиясына үлкен мән берілді. Бұл дәстүр Ғабит Мүсіреповтің мәңгі өлмейтін "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" атты пьесасын халыққа ұсынған 30-жылдарда бастау алған. Бүгінгі таңда "Назугум", "Аманнисахан" және "Ай тутулған түн" атты қойылымдар көрермен тарапынан жоғары бағаға ие болып жүр.