Экономика

Қазақстанда ішімдік қымбаттайды

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуарақ
арақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2019 жылы арақтың ең төмен бөлшек сауда бағасы литріне 1923 теңге болды

АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Қазақстанда ішімдік бағасы көтеріледі. Бұл туралы үкіметтің 21 ақпандағы қаулысы "Әділет" порталында (нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесі) жарияланды.

шелек көтерген ер адам, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Жол бойына төгіліп қалған спиртті қостанайлықтар шелектеп құйып алып жатыр - видео

Арақтар мен айрықша арақтардың, күштілігі жоғары ликер-арақ өнімдерінің 2019 жылғы ең төмен бөлшек сауда бағасы литріне 1 923 теңге болып белгіленді. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

Бұған дейін "арақтар мен айрықша арақтардың, күштілігі жоғары ликер-арақ өнімдерінің" бөлшек сауда бағасы литріне 1 900 теңге болған еді.

Ішімдіктің қарттарға қандай пайдасы бар?

Айта кетсек, Қазақстанда ішімдік өнімдерінің тіркеу-бақылау маркалары мен темекі өнімдерінің акциздік маркаларын беру процесін жеңілдету жоспарда бар.

Адамдар неге ішімдікке салынады?

Жаңалықтар
0