АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Әлеуметтік желіде апаттан кейін жол бойына төгіліп қалған спиртті тұрғындардың шелектеп құйып алып жатқаны түсірілген видео тарап кетті.
Жол апаты бірнеше күн бұрын Қостанай облысында Алматы-Ектеринбург тас жолында болды.
Видеодан бірнеше ер адаманың жол бойына төгілген спиртті шелектеп ыдысқа құйып жатқанын көуруге болады. Жергілікті тұрғындар Қазақстанның жолдарында "спирт өзендері" ағып жатады деп әзілдеп қояды.
Жол апаты алтыншы ақпанда болды. 60 жастағы Volvo жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, спирт құйылған цистерна жыраға аударылып қалды.
Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, тергеу жүріп жатыр.