АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Қытай билігі гендерлік теңдік мәселесін жіті назарға ала бастады. Енді бұл елде нәзік жандарды жұмысқа қабылдар кезде олардың отбасылық жағдайын сұрамайды.
ҚХР еңбек ресурстары және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі және тағы сегіз үкіметтік құрылым қызметкерді жұмысқа алар кезде кандидаттың жынысымен байланысты сұрақтарды қоюға болмайды деген шешім қабылдады.
Бұдан бөлек, әйелдерге отбасылық жағдайы мен жүктілік туралы сұрақ қоюға тыйым салынды.
Жаңа қабылданған заңды бір рет бұзған кез келген жұмыс берушіге 10 мың юань (1 488 доллар шамасында) айыппұл салынады. Ал егер әйелдердің құқығын шектеуді тоқтатпаса, айыппұл мөлшері бес есеге өседі.
Тағы оқыңыз: Назарбаев: Қытай қаптап жатқан жоқ, мен осы жерде не қарап отырмын?
Жұмысқа орналасумен байланысты қандай да бір мәселелер туындаған жағдайда, билік жұмыс берушілерді бақылауды күшейтіп қана қоймай, қыз-келіншектерге құқықтық көмек көрсетпек.