Қоғам

Назарбаев: осынша жұмыс тұрғанда, өз тәнін ақшаға сату – ұят

© Sputnik / Владислав ВодневНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының кезекті жеңімпаздарымен кездесу барысында Назарбаев жастарға ненің ұят екенін айтты

АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жастарға адал еңбекпен ақша табуға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

100 жаңа есім жеңімпаздарымен кездесу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев: біз қалып қалған елміз

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының кезекті жеңімпаздарымен кездескен мемлекет басшысы жастарға ненің ұят, ненің ұят емес екенін ажыратып берді.

"Мен пәтер жинау ұят емес екенін жастарға үнемі айтып жүремін. Рас қой?! Жұмыссыз әрі бақытсыз болу ұят. Осынша жұмыс тұрған кезде, әйелдерге өз тәнін сату ұят", - деді Назарбаев кездесу барысында.

Президент адамдарға бала бағу, пәтер жинау, тамақ дайындау секілді неше түрлі қызмет көрсететін компанияны мысалға келтірді.

"Олар осылай ақша тауып жүр. Міне, бұл жұмыс", - деді Елбасы.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы ұлтты сақтап қалу үшін қыздарды аялауға шақырды. Ол қыздар аз дүниеге келетін мемлекеттің болашағы жоқ екенін атап өтті.

"Мемлекетте әйелдер азайған сайын, ұлт жойылады", - деді Назарбаев.

Осы орайда президент Қытайдағы статистиканы мысал етті.

"Қытайда ерлер әйелдерге қарағанда 60 миллионға көп. Олар өзінің өмірлік серігін табу үшін басқа елдерге барады. Әрі-беріден соң, 3000 жылға қарай қазір қыздары аз ұлттардың жоқ болатынын есептеп қойған. Мұны ойлаудың өзі қиын, сондықтан қыздарымызды аялайық", - деді Назарбаев.

Айта кетсек, бүгін "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының екінші кезеңі қорытындыланды. Жобаға 2388 өтінім түскен. Сарапшылар тобы 200 үміткерді іріктеп алды. Соңғы онлайн дауыс беру арқылы 29 адам жеңімпаз атанды.

Жаңалықтар
0