Әлем

Қартаң әйел өз терісінен сөмке тігуге тапсырыс берді  

© REUTERS / Pascal RossignolСумка от дизайнера Оливье Лапидуса
Сумка от дизайнера Оливье Лапидуса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сайт әкімшілігі тігіншілерді британдықтың өтінішіне байсалды қарауға шақырды

АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik.  Манчестер қаласының Джоан есімді 55 жастағы тұрғыны өзінің кесіп алынған аяғынан әйелдер сөмкесін жасатпақ.

Чемодан, багаж - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Сөмкесі "ұрланған" семейлік студент қыз ұятқа қалды
Дәрігерлер британдық әйелге қан тамырлары ауруы салдарынан аяғын кесіп тастайтынын жеткізген. Осы жағдайдан кейін оған "аяғым бір жерде шіріп қала ма" деген ой маза бермейді.

Астанада адам терісінен жасалған кітап көрмеге қойылды

Джоан өзінің терісінен сөмке тігіп беретін тігінші табу үшін арнайы сайтқа жазды. Әйел тапсырысты орындаған тігіншіге үш мың фунт төлеуге әзір, деп жазды Сегодня.

Сайт әкімшілігі Джоанмен сөйлесіп, оның аргументтері ақылға қонымды деген қорытынды жасады. Олар тігіншілерді британдықтың өтінішіне байсалды қарауға шақырып отыр.

Жаңалықтар
0