Қоғам

Қазақстанда 20-дан астам әкім жазаға тартылды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 253 қызметкері дисциплиналық жауапкершілікке тартылған

АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. 2018 жылы жергілікті атқару органдарының 24 басшысы жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында заң бұзған әкімдер туралы Қазақстанның мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айтып берді.

Бір жыл ішінде агенттікке азаматтардың мемлекеттік қызмет алу кезінде құқығы бұзылғаны туралы 1 446 арыз түскен.

"Негізінен мемлекеттік органдардың міндетін дұрыс орындамауы, қызмет көрсетуден еш негізсіз бас тартуы, стандарттар мен регламенттерді сақтамауына шағым түскен", - деп атап өтті агенттік.

Жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері қазақстандықтардың неге арызданғанын айтып берді.

Субсидия бермей қойған

Батыс Қазақстан облысындағы компанияға ауыл шаруашылығы техникасын алуға арналған субсидияны еш негізсіз бермей қойыпты.

Ер адам, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Оралда әкіммен кездесуде жанжал шығарған тұрғын терезеден секіріп кетті

Өңірлік комиссия инвестордың өтінішін оператор қорытындысы негізінде қарастырған. Қорытындыда субсидия беруден бас тартудың себебі ретінде материалдар мен нысандар бекітілген талаптарға сай келмейді деп жазылыпты. Шын мәнісінде, анық-қанығын арнайы мамандар тексермеген, ешқандай сауал да жіберілмеген болып шықты.

"Негізінде атауы сәл басқаша болса да, компания сатып алған техника конструкциясы бойынша ережеде көрсетілген техникамен толық сәйкес келеді. Мұны Батыс Қазақстан агротехникалық университеті мен облыстың мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері растады", - деп атап өтті агенттік.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осы жайтты қолға алғаннан кейін, фирма 13,2 миллион теңге субсидия алып, өндірісін кеңейтіп, жергілікті нарыққа шығуға қол жеткізді.

Жер бермеген

Қостанайда жер қатынастары қызметкерлері М. деген азаматқа жер учаскесін беру туралы қаулы шығарудан еш себепсіз бас тартқан.

Астанада ер адам қолдан жасалған бомбаны жармақшы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астана орталығында ер адам газ бaллонын жармақшы

Жоспардан тыс тексеру көрсеткендей, мемлекеттік қызмет құжаттарды тапсырғаннан кейін 30 күн ішінде орындалуы тиіс болса да, лауазымды тұлғалар азаматтың өтінішін қарастырмаған. Агенттік араласқан соң ғана өтініш берушіге жер учаскесін беру туралы қаулы шықты, тиісті мерзімінен 77 жұмыс күніне кешіккен.

"Құқық бұзғаны үшін Қостанайдың жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. Осындай жайттар басқа өңірлерде де болған", - деп мәлімет берді агенттік.

Қанша мемлекеттік қызметші жауапқа тартылды?

Мемлекеттік органдар мен оларға қарасты ұйымдардың 253 қызметкері дисциплиналық жауапкершілікке тартылған.

Рұқсат беруші құжаттарды ресімдеу кезінде заң нормаларын бұзған лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

"Былтырғы қорытынды бойынша агенттік ӘҚК 465-бабына сәйкес 397 әкімшілік хаттама толтырған, сот шешімімен 203 лауазымды тұлға 13,4 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді", - делінген ресми хабарламада.

Отчетная встреча с населением акима Астаны - Sputnik Қазақстан
Елорда тынысы
Астана әкімінің халықпен кездесуі: зейнеткер үстіне бензин төгемін деп қорқытты

Орталық мемлекеттік органдар – денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, инвестиция және даму, қаржы министрліктерінің аймақтық бөлімдерінің 18 басшысына айыппұл салынған. Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, жер қатынастары, табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалану, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы басқарламаларының 23 басшысына айыппұл салынды.

Аудан, қала және ауылдық округтердің 24 әкімі, қалалық және аудандық буындардың 106 басшысы айыппұл төлеуге міндеттелді.

Агенттік азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз-шағымына тез арада жауап беруге әзір екенін білдірді.

Жаңалықтар
0