Оқиға

Оралда әкіммен кездесуде жанжал шығарған тұрғын терезеден секіріп кетті

© Photo : Pixabay / Gerd AltmannЕр адам, архивтегі сурет
Ер адам, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әкімнің есеп беру кездесуінде ер адам боғауыз сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзды

АСТАНА, 17 ақпан — Sputnik. Әкімнің есеп беру кездесуінде қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам полиция бөліміне жеткізілді.

Оқиға кеше таңертең Оралдағы полиция басқармасында болды. Мұнда 44 жастағы бұрынғы құқық қорғау органдарының қызметкері жеткізілген. Ер адамға 13 ақпанда Орал қаласы әкімінің есеп беру кездесуінде бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалуы тиіс болатын.

Шатырда тұрған адам - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада жас жігіт жоғары қабаттан секіріп кетті: өлер алдында хат жазып қалдырған
Қала басшылығының қатысуымен өткен іс-шара кезінде ер адам орнынан тұрып, жанында отырған адамдарды жұлқылап, боғауыз сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Орал қаласының тұрғыны үшінші қабатта орналасқан қызметтік кабинетте хаттама толтырылып жатқан кезде кенет терезені ашып, секіріп кеткен, салдарынан ол жарақат алды. Осыдан кейін қалалық ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері ұсақ бұзақылық жасағандар бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (12 625 теңге немесе 33 доллар) айыппұл төлеуі немесе он күнге дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін екенін еске салды.

Тағы оқыңыз: Қызылорда билігі әйелдердің сөзін соңына дейін тыңдауға мәжбүр болды   

Сонымен қатар, ол "полиция басқармасына жеткізу" кезінде полиция қызметкерлерінің талабына бағынбаған. Ол үшін де 667-баптың 1-бөлімі "ІІБ қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамау" бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Ер адам бұрын Орал стансасындағы Желілік ішкі істер бөлімінде жұмыс істегені анықталды. Екі жыл бұрын қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны және Мемлекеттік қызметшілердің этика кодексінің талаптарын бұзғаны үшін жұмыстан шығарылған.

Жаңалықтар
0