Өңірлер

Өскеменнің екі тұрғыны мүгедектің аяқ киімін тартып алған

© PhotoАрхивное фото наручников
Архивное фото наручников - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Өскеменнің екі тұрғыны мүгедектің қысқы аяқ киімін күшпен шешіп, тартып алған, деп хабарлайды ustinka.kz.

Шынжыр - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанай тұрғыны 5 мың долларын тартып алғандарды қуамын деп істі болды
Қала тұрғыны тәртіп сақшыларына хабарласып, 17 ақпан күні кешкі сағат 8 шамасында белгісіз азаматтар шабуыл жасап, күшпен қысқы кроссовкиін тартып алғанын айтқан.

"Қалалық полиция басқармасы қызметкерлері Орталық шұғыл әрекет ету басқармасының бейне бақылау жүйесінің көмегімен бұрын сотталған 44-45 жастағы екі азаматты ұстаған", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0