АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. Қостанай қаласының №2 сотына 1988 жылғы азаматқа қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Ол ҚР заңнамасына қарама-қайшы әрекеттер жасап, бұзақыларды өз бетімен жазаламақ болғаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Полицияға хабар берудің орнына тұрғын қолына ағаш алып, таксимен екі азаматтың соңынан қуады. Сондай-ақ, бұзақыларды аңду барысында өзінің Қостанай облыстық ІІД-де жұмыс істейтін ағасына хабарласып, "Халық банктің" филиалына қарай бет алғанын айтады.
Қостанайда 14 жастағы қыз нанмен бірге ағаш жаңқасын жұтып қойды
Ағасы өз кезегінде полицияға хабарласуға кеңес беріп, бауырына қарай 520KYA01 нөмірлі "Lexus RX270" көлігіне отырған бір азаматты бағыттайды.
Араға біраз уақыт салып осы жерге ІІД қызметкерінің бауырына бағыттаған азамат келеді. Үшеуі көлікке мініп жолға шығады. Орта жолда тұрғын ІІД-де жұмыс істейтін ағасымен жолығып, Қостанай қаласындағы ІІБ орталық операция басқармасына бет алады. Жол-жөнекей тұрғын полицияға хабар беріп қойғанына қарамастан, өзін жәбірлеген екінші азаматты аяусыз соққыға жығады. Бұл азамат қашып үлгеріп, "Зеленый" дүкенінде жасырынады.
Бұзақыларды өз бетімен жазаламақ болған тұрғын ҚР ҚК 389-бабы, 3-бөлімі бойынша айыпталып отыр. Басты сот отырсы 29 қазан сағат 15:00-де өтеді.