Қоғам

Абаев журналистерге "жыны келген" әріптесі туралы: еш уақытта ашуланбау керек

© SputnikДаурен Абаев
Даурен Абаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақпарат министрі әріптестерін қойылған сұрақтарға жауап беруге шақырды

АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "жынымды келтірмеңізші" деп ашуланған ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің әрекетіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Серік Жұманғарин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Жынымды келтірмеңізші": Вице-министрдің жауабы жұрттың қызу талқысына түсті - видео
"Еш уақытта ешкім ешкімге ашуланбауы керек. Сұрақ қойылды ма, жауап беру керек", - деп қысқа қайырды Абаев үкімет кулуарында.

Еске сала кетсек, жуырда ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің журналистің тарифке қатысты қойған сауалына берген жауабы желіні шулатты.

Вице-министрден тариф туралы сұраған телеарна тілшісі "бұл басқа шара, жынымды келтірмеңізші" деген жауап алды.

Шенеуніктің дөрекі жауабы желіде қызу талқыға түсті. Осыдан кейін көп ұзамай Жұманғарин артық кеткенін түсінді ме, өрескел жауап бергені үшін журналистерден кешірім сұрады.

Жаңалықтар
0