Қоғам

"Жынымды келтірмеңізші": Вице-министрдің жауабы жұрттың қызу талқысына түсті - видео

© Photo : primeminister.kzСерік Жұманғарин
Серік Жұманғарин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жауапты шенеуніктің жауабы желі қолданушыларының наразылығын тудырды

АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Желіде Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің тілшінің тарифке қатысты қойған сауалына берген жауабы қызу талқыланып жатыр. 

Журналист вице-министрге тарифтерге қатысты сұрақ қойған.

"Бұл басқа шара ғой. Не болды? Кеше парламентте тарифтер туралы айттым. Ондай болса өздеріңіз тұра беріңіздер", – деп Жұманғарин бірден жауап беруден бас тартты. 

Осы кезде басқа тілші "онда шағын және орта бизнес туралы айтайық" дегенде вице-министр қарсы емес екенін білдіреді.   

"Шара шағын және орта бизнес жайлы. Ал сіздер тариф туралы сұрауға келдіңіздер ме? Маған ресми келіңіздерші, мен сізге тариф туралы бәрін айтып беремін. Жынымды келтірмеңізші", – деген ұлттық экономика министрінің орынбасары басқа сұрақтарға жауап беруге көшеді.

Видеоны әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. Біреулер тариф үшін бұл кісіге президент желтоқсанда Қауіпсіздік кеңестің отырысында сөгіс жариялағанын еске алып, "содан "тариф" сөзін естісе төбе шашы тік тұрады" деп жазып жатса, енді біреулері тілшілердің жауапты шенеунікке кез келген жерде кез келген сұрақты қоюға құқығы бар екенін айтады.

Жаңалықтар
0