Дерекқор

Ақынның әйелі не үшін өкінді: Мұқағали Мақатаев туралы қызықты деректер

CC0 / Congerdesigne / Кітап
Кітап - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақиық ақын 45 жыл ғұмырында сан ғасырға азық боларлық мол қазына қалдырды

Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Ақынның азан қойып шақырған аты — Мұхаметқали. Бірақ ата-анасы пайғамбар атымен жүру ауыр тиеді деп сәби күнінен "Мұқағали" деп еркелеткен. Мұқағалиден кейін бір қыз, үш ұл дүниеге келеді. Осылардың ішінде бір ұл мен қыз сәби күнінде шетінейді.

Фариза Оңғарсынова - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Фариза Оңғарсынова туралы не білеміз?
Мұқағалидің әкесі Сүлеймен қарапайым шаруа адамы болып жүріп, кейін отандастарымен бірге майданға аттанады. Ал анасы Нағиманға ақын аса жақын болмаған. Оны жеңге есебінде көрген. Бұл отбасындағы тұңғыш ұлдың ата-әже қолында өсуімен байланысты болса керек. Өзінен кейінгі інілері Тоқтарбай мен Көрпешке ерекше қамқор болып, ерте есейеді.

Мұқағали жастайынан әдеби шығармаларды сүйіп оқып, 14-15 жасынан өлең жаза бастайды. Қазақ классиктерінен бөлек, Есенин, Пушкин, Блок, Гейне, Гете, Дюма, Драйзер, Байрон, Бальзак, Шекспир және Лондонды сүйіп оқиды. Нарынқолдағы орта мектеп интернатта білім алып, кейін Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде, шет тілдер институтында, кейін ҚазМУ-дың заң факультетінде оқиды. 1973 жылы Мәскеу қаласындағы Максим Горький атындағы әдебиет институтының студенті атанады. Бірақ бұл оқуын да соңына дейін тәмамдамай, бір жылдан кейін елге оралады. Өзінің айтуынша, бұған балаларына деген сағынышы мен оқу бағдарламасына көңілінің толмауы себеп болған.

Тағы оқыңыз: Халық әртісі Әмина Өмірзақованың өмірі туралы қызықты деректер

Университет қабырғасында білім алмауды жөн көрген ақын ауылдық кеңес хатшысы, туған ауылында орыс тілі пәнінің мұғалімі, аудандық газет тілшісі қызметін атқарады. Өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1950 жылдан бастап жарық көре бастайды. Кейін өзінің шығармашылық қарым-қабілетіне үлкен сенім артып, 1962 жылы Алматы қаласына қоныс аударады. Алып шаһарға келген соң "Қазақ" радиосында диктор, "Социалистік Қазақстан" газетінде тілші, "Жұлдыз", "Мәдениет және тұрмыс" журналында мәдени қызметкер болып жұмыс істейді. Сондай-ақ, жазушылар одағының поэзия бөлімінде кеңесші қызметін атқарады. Алматыда қаржылай қиындықтарға тап болғанына қарамастан, осылайша ақын әрдайым қара өлеңге деген махаббат отын тұтатып отырды.

Әбілхан Қастеев, қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған әйгілі суретші - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Әйелі Әбілхан Қастеевке иіліп сәлем салған: әйгілі суретші туралы не білеміз?
Мұқағали Мақатаевтың алғашқы жыр жинағы 33 жасында шыққан. Бұдан кейін 1964-76 жылдар аралығында сегіз жыр жинағы жарық көреді. Бүгінде ақыннан 1 000-нан астам өлең мен поэма қалды. Дәлірек ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала — Әкітай" өлеңдері 1949 жылы "Советтік шекара" газетінде басылып шықты. Бұдан кейін 1951 жылы "Інімнің ойы", "Шебер" өлеңдері "Жастық жыры" атты жинаққа енді. Мұқағали Мақатаев поэма мен поэзиядан бөлек, аударма да жасаған.

"Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу" хикаясы

Ақынның жан дүниесін түсіну кез келгеннің қолынан келе бермейді және оның өмірлік серігіне айналу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Махаббат тақырыбының жыршысына айналған ақынның туындыларына аманатпен қарау Лашын Әзімжановаға бұйырған. Мұқағали Мақатаевтың сүйіп қосылған жары өлеңдерінің бірінші оқырманы әрі сыншысы бола білді.

Тағы оқыңыз: Дінмұхамед Қонаевтың өмірбаяны

"Әкеміздің алғашқы туындыларының сыншысы анамыз болды. Ол кісі ауылда да, Алматыға көшіп келгенде де орыс мектептерінде қазақ тілінен сабақ беріп жүрді. Әкемнің кабинетінен шыға сала өлеңін анама әкеліп оқып беретіні есімде. Шешем мұндайда өз пікірін айтып отыратын", — дейді ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев "Хабар" арнасының "Егіз жүрек" бағдарламасында. 

Шәкен Айманов Алдар Көсе рөлінде - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Қазақ киносының саңлағы Шәкен Айманов туралы не білеміз?
Ақынның өмірлік серігімен кездескен сәті бүгінде аңызға айналып, ел аузында жүр. Келіні Бақытгүл Қыдырбайқызының айтуынша, енесі шашы тобығына дейін түсетін, аққұба, сұңғақ бойлы, әдемі қыз атанған. Мұқағали Мақатаев оны бірнеше кісімен әңгімелесіп тұрып алғаш көріп қалады. Сонда Лашын Әзімжанова аттың үстінде шауып бара жатқан екен. 

Ақынның әйелі не үшін өкінді?

"Апамыз аттың үстінде әдемі көрінсе керек. Бірден "Мен осы қызға үйленемін" деп айтқан екен. Атамыз бұл кезде 17, ал анамыз 21 жаста болатын. "Жас айырмашылығына қарамастан, ауылда жүргенде бір-бірімізге хат жазып, үлкен қара тастың үстінде отырып таңды атыратынбыз. Сол кезде маған неше түрлі керемет өлеңін оқып беретін" деп айтатын анамыз. Бірде ауылдағы клубта "Қозы Көрпеш — Баян Сұлу" қойылымында атам мен анам басты рөлді сомдап, махаббат ұшқыны осы кезде пайда болған екен. Анам көпке дейін атам жас кезінде өзіне жазған хаттарды жинамағаны үшін өкініп жүрді", — дейді келіні.

Ақын жүрегін маздатқан ару бұл кезде ауылға жаңадан келген жас маман болатын. Ақын өзінен төрт жас үлкен білімді қызды қаратудан еш сескенген жоқ.

Лашынның шын есімі — Ләзиман. Жақындарының айтуынша, ер мінезді болғаны үшін жұрт оны Лашын деп атап кеткен.

Сырлы сезімге толы жыр арнаған сүйіктісіне ақын 1949 жылы қосылып, шаңырақ көтереді.

Ақынның жүрегіне жазылмас жара салған қандай оқиға?

Отбасыларында алты бала дүниеге келгенімен, екі үлкен қызы ажал құшады. Екеуінен кейін 1953 жылы Жұлдыз, 1958 жылы Алмагүл, 1960 жылы Айбар және 1966 жылы Шолпан есімді балалары дүниеге келеді.

Тағы оқыңыз: Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованың өмірбаяны

"Майгүл мотоцикл қағып көз жұмғанда, әке-шешемнің қатты қайғырғанын көрдім. Түнгі сағат екілер шамасында екеуі бір-бірін құшақтап келді. Қайтыс болар шағында да күйзеліске түсіп, көпшілік тарапынан еленбей қалып жатты.

Халық жазушылар одағынан да шеттетілгенін жақсы біледі. Мінезінен өзіне талай жау тапты. Өте күрделі адам еді. Бірде Дінмұхамед Қонаевқа хат жазып, өзгеріс бола ма деп қатты күтті", — дейді Жұлдыз Мақатаев.

кітап - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Алғаш рет ағыл-тегіл жылады": Оралхан Бөкейдің досы жазушының қатты қиналғанын айтты
Үлкен ұлы ақынның мейірбан әрі ашық жан болғанын айтады. Көпшілік оны алыстан танып, "Мұқағали келді" деп елең ете қалатын. Кітаптары басылып шыққан кезде үйде үлкен қуаныш пен той болған. Сондай-ақ, Жұлдыз Мақатаев анасын туысқандарының "тәте" емес, "аға" деп айтқанын еске алды. Ол мұны анасының еркек шора мінезімен байланыстырады.

Келінінің айтуынша, ақын қайын атасы Алматыда жұмыссыз қалып, қаражаттан қатты қысылса да, қонақжай болған. Кейде, тіпті, қысылып жүргеніне қарамастан, өзімен бірге он шақты досын ертіп келіп ас беретінін айтады.

Осы замандағы саясаттың қитұрқы әрекеттері ақынды талай жылатты. Тіпті, шағын кітапшаларының өзі саяси сүзгіден өткен. Ал ақын үшін туған баласындай көретін жырларын бөлшектеп тастағаннан артық қасірет жоқ екені сөзсіз. 

Ақынның ұлы әке жолын қумады

"Әкем "Мен барлық сын мен пендешілікті көтеремін. Бұл нәрсеге шыдаймын. Бірақ шығармашылығыма тиіскен адамдарды көтере алмаймын" деп үнемі айтып отыратын. Ол өзінің шығармашылығына өте адал қарады", — дейді ұлы.

Жұлдыз Мақатаевтың заңгер мамандығын таңдауына әкесі әсер еткен. Әулетінде заң саласында қызметкер болмағандықтан, ұлына заңгер мамандығын таңдауға кеңес берген. 

Халық арасында көпке дейін "Ақын Фариза Оңғарсынова мен Мұқағали Мақатаевтың арасында сезім бар" деген әңгіме жүрді. Алайда Фариза Оңғарсынова отандық басылымдарға берген сұхбатында мұның тек аға мен қарындастың, ақын мен ақынның арасындағы байланыс екенін айтумен болды.

Тағы оқыңыз: Әнші Мақпал Жүнісованың өмірбаяны

Ол айналасындағылардың мұндай қарым-қатынасқа шынайы сүйсініп қызығудың орнына қызғаныштың қызыл итін үргізуге тырысқанын жасырмайды. Сондай-ақ, мұндай тар ниетті адамдар "Алла тағаладан жазасын алды" деп айтқан-ды.

Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Жарқ етіп сөнген бір ғұмыр: Денис Тен туралы не білеміз?
"Екі-үш шумағын оқыған соң "Ойпырмай-ай, неткен өлең. Мынаны кім жазып жүр?" деп қатты таңғалдым. Шыдай алмай қағаздың соңына қарап едім "Мұқағали Мақатаев, емхана, пәленінші жыл, түнгі сағат он екі" деп жазылып тұр екен. Мен Мұқағалиді өмірімде 2-3 рет көрдім. Жастау кезімізде Тахауи Ахтановтың 50 жылдық мерейтойына бардық. Шет жақтағы бір үстелде отырған едім жұрт "Ойбай, Мұқағали келе жатыр" деп шулады. Кенет біреу екі иығыма қолын қойып тұрды. Жұртта үн жоқ.

Менің де мінезім оңып тұрмаған соң, екеуі төбелесіп кетер деп ойласа керек. Бірақ үндемедім. Қолымнан жетектеп, аспазшылардың тамақ алып шығатын жеріне апарды. "Не айтасыз, аға?" деп едім, үш рет "Бала, шеңберден шығу керек" деді. Қайтадан жетектеп әкеліп орныма отырғызды да өзі кетіп қалды. Екеуімізге қатысты көптеген әңгіме болды. Бәлкім ол кісінің тарапынан махаббат болған шығар. Маған кейде жақсы көретінін ұялып айта алмай жүрген кішкене бала сияқты елестейтін", — дейді ақын.

Мұқағали Мақатаев 1976 жылдың 27 наурызында бауыр циррозы ауруынан көз жұмды. Ал әйелі 2006 қайтыс болды. Біраз уақыт ауруханада жатып емделмек болады. Сонда ақын әйелінің қатты қиналғанын көріп "Күрсінбеші" атты өлеңін жазған екен.

Болашаққа үлкен үміт артқан ақынның мол мұрасы ұрпақ санасында мәңгіге сақталары сөзсіз. Өзін поэзияның сыңарына балаған ақын биыл көзі тірі болса, 88 жасқа толатын еді.

Жаңалықтар
0