Қоғам

"Алғаш рет ағыл-тегіл жылады": Оралхан Бөкейдің досы жазушының қатты қиналғанын айтты

CC0 / Congerdesigne / кітап
кітап - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Достарының арасында Қозы мен Баян атанған жұптың перзенті болмаған

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Үлкен Нарын ауданындағы "Еңбек туы" газетінде бас редактордың орынбасары болып жүрген кезде Оралхан Бөкей жары Айманды жолықтырады. Дәм-тұзы жарасқан екі жас отау тігіп, түтін түтетеді. Тағдыр қосқан ғашықтарды сол тағдырдың өзі жазалайды. Қанша жыл отасса да, пешенесіне перзент сүю бақыты бұйырмайды. Бұл туралы Хабар арнасының "Тарих. Тағдыр. Тұлға" бағдарламасында айтылды. 

Цунами - Sputnik Қазақстан
Әлем
"Қатты өкінемін". Әйелін құтқарып қалған ер адам анасы мен ұлынан айырылды
"Екеуінің қосылу тарихы да қызық. Оралхан аудандық газетте жұмыс істеп жүреді. Көшеде Айманды көріп танысады. Сөз салғанында Айман "Жігітім бар" деп көнбей қояды. Расымен де, оның жігіті бар болып шығады. Бірақ Оралханның ұнатқаны сондай қыр-соңына түсіп қалмай қояды. Ақыры көндіріп, ауылға апарып келін қылады", — дейді жазушының досы, ақын, аудармашы Қуанышбай Құрманғалиев.

Жазушы маңдайына жазылған тағдыр шындығын өз туындыларына арқау етті. Әрі оны әсірелемей, өз басынан кешкен оқиғаны сол қалпында көркем жеткізді."Ұйқым келмейді" атты әңгімесінде өмірден ұрпақсыз өтетінін мойындап, қалың оқырманын өзімен бірге қамықтырып қояды. Бірақ автор ішіндегісін көп білдіре бермейтін. Тіпті өз ортасында ашық, ақжарқын, көтеріңкі көңіл-күйдің иесі болды. Жары Айман екеуінің үйінен қонақ арылмайтын.

Осы отырыстарда асабалық ететін Оралханға таңғалмайтындар кемде-кем екен. Өкініштісі осы кештерден кейін Оралханның ұйқысы келмейтін. Ол бала сүймегендеріне әйелін емес, көбіне өзін кінәлайды.

Тағы оқыңыз:

"Екеуін Қозы мен Баян деп айтатын едік. Өте тату болды. Әйелі Оралханның шын жағдайын жасады. Әке-шешесі де Айманды ерекше жақсы көрді. Жазушы жастайынан аурушаң болған еді. Соған байланысты көп қиналды. Біз Оралхан ортамызда отырған кезде көңіліне келеді деп бала туралы әңгіме қозғамайтынбыз", — дейді Оралхан Бөкейдің досы.

Бекболат Тілеухан, Мәжіліс депутаты - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бекболат Тілеухан көп әйелін қалай тату ұстап отырғанын айтты
Сондай-ақ аудармашы Қуанышбай Құрманғалиев жазушының әйелі өзіне қол салғанда қатты қиналғанын айтады. Жұрттың көзінше де, білдірмей де көп жылаған екен.

"Айман мәңгілік сапарға аттанған кезде Оралхан Қырымда емделіп жатты. Өлікті шығарардан бір күн бұрын Айман жатқан үйде бірге болдық. Жұрт тарқап кеткеннен кейін түнімен жылап шықты. Екеуіміз құшақтасып бір төсекте бірге жаттық. Айманнан айырылғанда өмірінде бірінші рет ағыл-тегіл болып жылады", — деді досы.

Кеңес заманында "Бала сүймегені үшін" деген салық болды. Мұндай салмақты салықты өкімет Оралхан Бөкейдің тапқан-таянғанынан ұстады. Сонда Оралхан салықтан қалған ақшаны ұстап тұрып "Осы бір өкімет баласын қоқысқа лақтырып тастайтындарды жазаламайды. Мен балалы болғым келмей жүрген жоқпын ғой" деп ызаланып, тауы шағылатын.

Ұзақ уақыт перзентсіз жүруі, жары Айманның аяқ асты қазасы Оралханға оңай тимейді. Бір перзентке зар болуы жиырма жыл отасқан алғашқы жары Айманмен трагедиялық жағдайда айырылысуына себеп болды.

КХДР лидері Ким Чен Ын - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ким Чен Ын әйелін суретке түсіргісі келген журналисті итеріп жіберді
"Оралхан, бақытты бол! Өзіңді кінәлама. Менің өліміме кімнің кінәлі екенін де іздеудің қажеті жоқ" деп соңында үш-ақ ауыз сөз қалдырады. Осыдан кейін жұрт арасында "Бір балаға зарықтырған мынау жалған дүниені Оралханның бақыты үшін тәрк етіпті" деген сөз тарайды.

Бұдан кейін жазушы көркем сөзге келгенде өзін он орап алатын қарындасынан аяқ асты айырылады. Қалың оқырман мен достары жазушыны жұбатады. Артынша Айман есімді әпкесі дүние салады. Араға аз уақыт салып әкесі мен анасы да қайтыс болады. Мұның барлығы Оралхан Бөкейге ауыр тиген еді.

Жаңалықтар
0