Әлем

"Қатты өкінемін". Әйелін құтқарып қалған ер адам анасы мен ұлынан айырылды

© REUTERS / Jorge SilvaЦунами
Цунами - Sputnik Қазақстан
Жазылу
22 желтоқсан күні Индонезияның көптеген ауданы су астында қалды

АСТАНА, 26 желтоқсан — Sputnik. Индонезиядағы Суматра аралының тұрғыны цунами кезінде анасы мен баласын емес, әйелін құтқарып қалған, деп жазды Daily Mail басылымы. 

Цунами салдары - Sputnik Қазақстан
Видео
Индонезиядағы жойқын цунами: адамдар жағалаудан қашып үлгермеген
46 жастағы Удин Ахок ұйқыда жатқанда үйін су басады. Ер адам көзін аша салысымен 70 жастағы анасы мен бір жасар ұлына көмектесуге асығады. Осы сәтте әйелінің суға батып бара жатқанын көріп, соған қарай беттейді.

Ол әйелін қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Екеуі де тірі қалып, цунамиден жапа шеккендерге арналған жерге көшірілді. Кейін Ахок құтқарушылардың анасы мен ұлының мәйітін қоқыс астынан тауып алғанын білген.

"Анам мен ұлымды құтқаруға уақытым болмады. Осы үшін қатты өкінемін", — дейді ол.

Толқындары екіден алты метрге дейін көтерілген цунами Индонезияны 22 желтоқсан күні басып қалды. Табиғи апаттан кемінде 429 адам көз жұмып, тағы 150 адам із-түссіз жоғалғандар тізіміне ілікті. Су 600-ден астам ғимаратты, 400-ге жуық кеме мен қайықты қиратты.

Жаңалықтар
0