Видео

Индонезиядағы жойқын цунами: адамдар жағалаудан қашып үлгермеген

Жазылу
Yandex newsTelegram
Соңғы деректер бойынша, Индонезиядағы жер сілкінісі мен цунами салдарынан қаза тапқандар саны 832 адамға жетті

Өткен жұмада таңертең ерте Сулавеси аралдарының жағалауындағы Палу қаласы жанында екі жер сілкінісі тіркелді: біріншісінің магнитудасы 6,1 балл, келесісі — 7,4 балл.

Қытайда топан су қаптап жатыр – жантүршігерлік кадрлар - Sputnik Қазақстан
Видео
Қытайды топан су басып жатыр – жантүршігерлік кадрлар

Жер сілкінісі салдарынан биіктігі екі метрдей цунами пайда болып, қаланы шайып кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің көпшілігі жағалаудан қашып үлгермей, жойқын толқынның астында қалған.

Палу қаласының 540 тұрғыны зардап шекті. Табиғи апаттан кейін эвакуациялау және құрбандардың кім екенін анықтау жұмысы жүріп жатыр.

ҚР СІМ мәліметінше, құрбандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Табиғаттың алапат күшінің жантүршігерлік салдарын видеодан қараңыз.

Жаңалықтар
0