ШЫМКЕНТ, 16 ақпан – Sputnik. Бүгін таңғы сағат тоғыздан бастап Шымкент әкімдігіне 300-ден аса әйел жиналды, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.
15 ақпан күні халық алдында есеп берген қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов көп балалы аналармен кездесуге уәде еткенімен, бүгін жиналғандардың алдына шықпады. Әкімнің орнына жиынға қала басшысының бірінші орынбасары Қайрат Нұртай бастаған шенеуніктер қатысты.
Үкімет оны қарап 1 наурызға дейін бекітеді. Одан бөлек қала деңгейінде шешетін мәселелер де қаралып жатыр.
"Қала әкімі басқа топтағы кезекті тоқтатып, көпбалалы аналарды, жалғызбасты аналарды, күн көрісі нашар отбасыларды бірінші кезекте баспанамен қамту туралы шешім қабылдап, тапсырма берді", - деді Гүлжан Құрманбекова.
Десе де жиынға келген бірнеше әйел қала әкімінің өзі келсін деп талап етті. Қала әкімі жиынға бәрібір қатыспады.