Елорда тынысы

Астана әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды

© Sputnik / Болат ШайхиновПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа орынбасар әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім және спорт салаларына жауапты болады

АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Елорда әкімінің орынбасары болып Нұрлан Нұркенов тағайындалды.

Нұркенов ішкі саясат, жастар саясаты мен ақпарат, мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт саласына қатысты мәселелерге жауапты болады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

© официальный сайт акимата АстаныНұрлан Нұркенов - елорда әкімнің жаңа орынбасары
Астана әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды - Sputnik Қазақстан
Нұрлан Нұркенов - елорда әкімнің жаңа орынбасары

Нұркенов Нұрлан Жаңбыршыұлы Целиноград қаласында 1976 жылы 3 қарашада дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, ҚР президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Аким Сарыаркинского района Астаны Арман Турлыбек - Sputnik Қазақстан
Елорда тынысы
Астана әкімінің орынбасары тағайындалды

Еңбек жолын 1995 жылы "Шамшырақ" ХЖҚ-да менеджер ретінде бастаған болатын. 2003 жылдан 2006 жылға дейін Астана әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-инспекторлық жұмыс бөлімнің бас маманы, өндірістік сала бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2006-2010 жылдар аралығында ҚР президенті іс басқармасының күрделі құрылыс және техникалық қадағалау, ресми іс-шаралар мен сыртқы байланыстар жөніндегі бөлімдерінің меңгерушісі және орынбасары қызметін атқарды. 2010 жылы Астанадағы "Мөлдір су" ЖШС басшысы қызметіне тағайындалды.

Жаңа ішкі істер министрі қызметке келді

2013 жылдан 2014 жылға дейін Бурабай ауданының әкімі болды. 2014 жылдан Ақмола облысы әкімінің өндірістік сала жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.2017 жылы ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.

"Астананың 10 жылдығы", "Ерен еңбегi үшiн" төсбелгілерімен марапатталған. Үйленген, төрт баланы тәрбиелеп отыр.

Кеше 14 ақпанда бұдан бұрын "Сарыарқа" ауданының әкімі қызметін атқарған Арман Тұрлыбек Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Елбасы Қасымовты қызметінен босатты

Жаңалықтар
0