Елорда тынысы

Астанадағы көп балалы отбасылар мәселесі: Сұлтанов бірқатар шешім ұсынды

© Sputnik / Владислав ВодневБақыт Сұлтанов
Бақыт Сұлтанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов тұрғындардың өмір сапасын жақсарту бойынша құрылған жұмыс тобына тұрмысы төмен отбасыларға көмектесудің бірнеше шешімін ұсынды

АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Астанада қала әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімі көп балалы аналармен кездесуге мәжбүр болды - Sputnik Қазақстан
Елорда тынысы
Астана әкімі көп балалы аналармен кездесуге мәжбүр болды

"Аудан әкімдіктері мен салалық басқармалар азаматтарды қабылдау жұмыстарын жүргізді. Тұрмысы нашар отбасылардың деректер базасы жасалды, әр отбасының портретін түсінеміз, нақты қажеттіліктері мен проблемаларын көріп отырмыз. Бірінші кезеңде шұғыл түрде азық-түлік, көмір, мектеп керек-жарақтарымен қамтылып, ақпараттық-түсіндіру кеңестері өткізілді. Аудан әкімдіктерінің уақытша тұрақтар мен жекеменшік үй құрылыстарында газ талдауыштарын орнату бастамасын демеушілер мен еріктілер қолдады. Әрбір отбасыға қолдау көрсету бойынша жеке шаралар жоспары әзірленді", – деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Азаматтарды қабылдау кезінде көтерілген түйінді мәселелердің бірі – тұрғын үйдің қолжетімділігі.

Министрлік "времянкада" тұруға тыйым салуды ұсынды

"Асқар Кемеңгерұлы, сізге ескі және апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу және үлескерлерге көмек көрсету үшін құрылған институттарды біріктіру арқылы қосымша ресурс табуды тапсырамын. Осы екі бағытты басшылыққа ала отырып, бюджет қаражатын тауып, шет аймақтарды ескі және апатты үйлерді бұзу бағдарламасына, бәлкім, Астананың шетіндегі қайта жаңарту бағдарламасына қосу керек. Біз тұрмысы нашар отбасыларды, оның ішінде көп балалы отбасыларды муниципалдық тұрғын үймен қамтамасыз етуіміз керек", – деді әкім.

Қала басшысы азаматтардың табысы пәтерді несиеге алу үшін жеткіліксіз болғандықтан, уақытша тұрақтарда 15-20 мың теңгеге бөлме жалдап, жатақханалар немесе заңсыз құрылыстарда тұрып жатқанын көріп отырғанын атап өтті.

Өрт - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана әкімдігі "времянкалардың" мәселесін шешуге уәде берді  

Әкім "Жұмыспен қамтудың жол картасы", "Бизнестің жол картасы" бағдарламаларының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, әрбір мұқтаж отбасыға әлеуметтік қолдау мен атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді тапсырып, қалалықтардың төлем қабілеттілігі деңгейін арттыру қажеттігіне баса назар аударды.

"Малика Ерланқызы, көпбалалы отбасы мүшелерін жоғары ақы төленетін жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыруды тапсырамын. Біліктілігі  жеткіліксіз болған жағдайда, кейіннен қала үшін маңызды басым бағыттарға жұмысқа орналастыру арқылы біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ қолда бар ақпараттың негізінде Тұрғын үй сертификаттарын тапсыру мүмкіндігін қоса алып, көмек көрсету үшін ресурстарды жұмылдыру алгоритмін жасауды тапсырамын", – деді Бақыт Сұлтанов.

Астана әкімі көп балалы отбасылардың ешбір арызын назардан тыс қалдырмайды

Аудан әкімдеріне әкімдік басқармаларының басшыларымен бірге қала басшысы "Ашық есік апталығы" аясында азаматтармен жеке кездесулерді жалғастыруды тапсырды.

"Көп балалы отбасылар мен басқа да азаматтар айтқан барлық өтініштерді талдап жедел жүйеге келтіру керек және жұмыс тобының қарауына үкіметке жолдау қажет", – деп мәлімдеді әкім. 

Әкімдік еске сала өткендей, соңғы мәліметтер бойынша қазір Астанада 4 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған 10 095 отбасы тұрады.

Жаңалықтар
0