АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көп балалы аналармен кездесуге мәжбүр болды. Бұған дейін бұл шараның болмайтыны хабарланған еді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Көп балалы әйелдер 15 ақпан күні таңертең елордалық әкімдік ғимараты алдына жиналып, қала басшылығымен кездесуді талап етті.
Бұдан бұрын әкімдік көп балалы аналардың Сұлтановпен кездесуі болмайтынын жариялап, отбасылардың бүкіл мәселесі аудандық әкімдіктерде қаралады деп мәлімдеген еді. Әйелдер ұсыныстарын жазбаша түрде бере алады. Алайда бұл шешім көп балалы аналарды қанағаттандырмады.
Астанада әкімнің көп балалы аналармен кездесуі өтпейтін болды
Әкімнің сөйлеген сөзінен соң, көп балалы әйелдер ұсыныстарын айғайлап айтып, сахнаға қарай ұмтылды. Халық жиналған залда аласапыран басталып кетті.
Бірнеше минуттан соң әйелдер сабырға келді. Сахнадағы микрофонға көпбалалы аналардың бірі шығып, жиналғандарды өз орындарына отыруға шақырды. Модераторлар әр әйелге өз мәселесін айтып жеткізуге мүмкіндік беріледі деп сендірген.
Сұлтанов аналардың ешбір арызы назардан тыс қалмайды деп сендірді
Залға кіреберісте азаматтарды қабылдау жүріп жатыр.
Әкімдік өкілдері көп балалы отбасылардың талаптарын жинақтайтын комиссия құруды ұсынды. Кездесуге келгендер арасында комиссия құрамына кіргісі келетіндер көп болып шықты.