Саясат

Назарбаев Қазақстанның жас спорт жұлдыздарымен кездесті

© Официальный сайт Президента КазахстанаНурсултан Назарбаев встретился с победителями и призерами международных спортивных соревнований
Нурсултан Назарбаев встретился с победителями и призерами международных спортивных соревнований - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент ұзақ өмір сүру үшін жастар  спортпен шұғылдануы тиіс екенін атап өтті   

АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық спорт сайыстарының жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті.

Боксшының қолғабы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Йога, фитнес және бокс. Қазақстандық министрлер қандай спортпен айналысады?
Басқосуға Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Т.Құлыбаев, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы С.Сәпиев, фристайл-могулдан еңбегі сіңген спорт шебері Ю.Галышева, кәсіби боксшы С.Ахмедов, мәнерлеп сырғанаудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Э.Тұрсынбаева, шаңғымен трамплиннен секіру спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері С.Ткаченко қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы еліміздің спорт саласын дамытуға және халықаралық аренада Қазақстанның имиджін ілгерілетуге үлес қосқан жас шеберлердің еңбектерін ерекше атап өтті.

"Мен сіздермен жүздескеніме қуаныштымын. Осы жыл "Жастар жылы" деп жарияланды. Ал спорт, негізінен, – жастардың ісі. Мемлекет бұл саланы дамытуға баса мән береді. Сіздерге қарап жастарымыз спортпен шұғылдануға және саламатты өмір салтын ұстануға ұмтылады. Сіздердің жетістіктеріңіз мемлекеттің беделін арттыруға септігін тигізеді", – деді Қазақстан президенті.

Жас спортшылар халықаралық жарыстарда көрсеткен өнері, алған әсерлері жөнінде ой бөлісіп, келешек жоспарлары туралы айтты.

"Мен әрдайым Қазақстан жастарын спортпен шұғылдануға шақырамын. Барлық облыстарда заманауи спорт инфрақұрылымы бар. Стадиондар салынып, жабық кешендер бой көтерді. Спорт – денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің кепілі", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Зарина Дияс - Sputnik Қазақстан
Спорт
Назарбаев Зарина Диясқа сыйлаған сағаттың бағасы белгілі болды
Мемлекет басшысы жас спортшылардың кәсіби тұрғыдан одан әрі өсуінің перспективаларына назар аударды.

"Бағындыратын биіктеріңіз әлі алда екенін көріп отырмын. Әлемдік жарыстан медаль алу оңай емес. Жастардың сіздерге қарап бой түзеп, дендері сау, мықты болып өскенін қалаймын", – деді Қазақстан президенті.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев атлеттерді қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, жаңа табыстарға жете беруге шақырды.

Кездесуде жас спортшыларға Қазақстан президентінің атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

Жаңалықтар
0