Спорт

Йога, фитнес және бокс. Қазақстандық министрлер қандай спортпен айналысады?

CC0 / / Боксшының қолғабы
Боксшының қолғабы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей министрлер коньки теуіп, хоккей ойнаса, енді бірі йогамен айналысып, фитнес-залында уақыт өткізеді

АСТАНА, 7 мамыр — Sputnik. Отан қорғаушылар күніне орай Sputnik Қазақстан үкімет мүшелерінің қандай спорт түрімен айналысатынын анықтады.

Еліміздің бас педагогы — білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев хоккей ойнайды. Білім министрі бұл спорт түріне аптасына екі күн арнайды екен.

© Sputnik / Болат ШайхиновЕрлан Сағадиев
Ерлан Сағадиев - Sputnik Қазақстан
Ерлан Сағадиев

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кәсіби тұрғыда ешқандай спорт түрімен айналыспаса да, мүмкіндігіне қарай фитнес-орталыққа барып тұратынын айтты. Осы орайда министр мырза қазақстандықтарға салауатты өмір салтын ұстануға кеңес берді.

© Sputnik / Сергей КимЕлжан Біртанов
Елжан Біртанов - Sputnik Қазақстан
Елжан Біртанов

Ал ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың спортқа қызығушылығы жоғары. Қазақстандық шенеунік жүгіреді, жүзеді әрі тартылады. Кейде дене формасын сақтау үшін түскі ас ішуге емес, фитнес-залға барады екен.

© SputnikДәурен Абаев
Дәурен Абаев - Sputnik Қазақстан
Дәурен Абаев

Әділет министрі Марат Бекетаевтың сүйікті спорт түрі маусымға қарай өзгеріп тұрады. Қыста әйелі және балаларымен бірге коньки тепсе, ал жаз мезгілінде жүгіру жолында уақыт өткізіп, денеге күш түсіретін жаттығулар жасайды. Командалық ойындардың ішінде әріптестерімен бірге футбол алаңында доп "қуалағанды" жақсы көреді. Министрдің айтуынша, офистен тыс белсенділік қағаз жұмысынан біраз демалып, бой жазуға мүмкіндік береді.

© Sputnik / Болат ШайхиновМарат Бекетаев
Марат Бекетаев - Sputnik Қазақстан
Марат Бекетаев

Ал Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың сүйікті спорт түріне қатысты жауабы таңғалдырды. Егер жас кезінде министр бокспен шұғылданса, қазір йога, фитнес және тай боксы — муай-таймен дене формасын бірқалыпта сақтап келеді екен. Бозымбаев сүйікті спорт түрлерімен аптасына үш рет екі сағаттан айналысады. Сонымен қатар, халықаралық қазақ күресі федерациясының президенті бос уақыты болып жатса, салт атпен серуендегенді жақсы көреді екен.

© Sputnik / Болат ШайхиновҚанат Бозымбаев
Қанат Бозымбаев - Sputnik Қазақстан
Қанат Бозымбаев
Жаңалықтар
0