АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Астанада тұрмысы төмен және көмекке аса мұқтаж отбасыларды, оның ішінде көпбалалы отбасылар муниципалдық тұрғын үймен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл туралы қала әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесуінде айтты.
"Ай басталғалы бері аудан әкімдіктері мен бейінді басқармалар азаматтарды қабылдап жатыр. Нәтижесінде аса мұқтаж отбасылардың деректер базасы құрылды, нақты қажеттіліктері мен проблемалары анықталды. Бірінші кезеңде азық-түлік, көмір, мектеп құралдарымен көмек көрсетілді. Біздің тарапымыздан әр отбасын қолдау жөнінде жоспарлы шаралар әзірленді", – деді әкім.
"Біз тұрмысы төмен және көмекке аса мұқтаж отбасыларды, оның ішінде көпбалалы отбасыларды муниципалдық тұрғын үймен қамтамасыз етуге тиіспіз", – деді қала басшысы.
Сондай-ақ, азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі де шешілмек.
"Біз азаматтардың қала үшін басым бағыттар бойынша біліктілігін арттырып, кейіннен жұмысқа орналасуға көмектесеміз.", - деді Б. Сұлтанов.
Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов аудан әкімдерімен және барлық басқармалардың басшыларымен бірге азаматтарды жеке қабылдауды жалғастырды.