Өңірлер

Текеліде қаруланған адам тұрғындарға шабуылдап, біреуін өлтіріп тастады  

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивное фото мужчины с ножом в руке
Архивное фото мужчины с ножом в руке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жанжал кезінде болған қарулы шабуылдан әке мен бала зардап шекті

ТАЛДЫҚОРҒАН, 12 ақпан — Sputnik. Текелі қаласында полиция қызметкерлері әке мен балаға шабуыл жасады деген күдікпен ер адамды ұстады, жәбірленушілердің бірі ауруханада қайтыс болды, деп хабарлады Sputnik тілшісі.

Бұзақы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбеде бір топ жігіт көшеде келе жатқан кісіні аяусыз ұрып-соғып, пышақтап кетті - видео
Алматы облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі ақпаратты растап, дерек 8 ақпанда тіркелгенін хабарлады.

Белгілі болғандай, әке мен ұл дүкендердің бірінің жанында ер адаммен жанжалдасып қалған. Төбелес кезінде белгісіз жан қолына пышақ алып, қарсыластарын ұрған. 53 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды, оның 27 жастағы ұлы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.   

Полиция күдіктіні ұстағаны мәлім болды, қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына ("Жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған қасақана ауыр дене жарақатын салу") сәйкес, алдын-ала тергеу жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында қылмыстың барлық мән-жайы анықталады.

Жаңалықтар
0