Қоғам

Қазақстандық ғалымдар өте маңызды жаңалық ашты

© Sputnik / Медиабанкке өтуТитан - продукция Усть-Каменогорского титано-магниевого комбината
Титан - продукция Усть-Каменогорского титано-магниевого комбината - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Титан қалдықтарынан бірнеше өнім алуға болатыны анықталды

АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Жер қойнауындағы ең берік металды қайта балқытып, бірнеше өнім алуға болады. Бұған дейін пайдаланылған титанның қалдықтары керексіз болып қалатын.

Профессор Зинетола Инсепов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандық ғалым телефонды ұзақ уақыт қуаттамау әдісін ойлап тапты

Қазақстандық ғалымдар енді оны қайта өңдеп, сапасы жоғары бояу жасауға, суды тазартуға және тері илеуге қажетті қоспалар өндіруге болатынына көз жеткізіп отыр, деп хабарлады Хабар 24.

Ғалымдардың айтуынша, бұл жаңалықтың ел экономикасы үшін маңызы өте зор.

"Ерімейтін титанды ериттік. Кәдімгі сулы ерітіндіде титан қант сияқты ери бастайды. Енді титанның барлық қалдығын біз қорыта аламыз. Одан қажетті қоспаларды аламыз", — дейді ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы Әбдуәлі Баешов.

Жаңалықтар
0