АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық жас қыз АҚШ-та бірнеше жыл білім алып, жұмыс істегеннен кейін отанына оралған. Ол Балқашта құжаттарын жөндетіп жүріп достарымен кездесу үшін үйінің жанындағы клубқа барады. Сол жерде оны ішімдікке мас болған төрт ер адам көлікке салып алып, қаланың шетіне апарып зорлайды. Бірнеше күн бұрын олардың төртеуіне де сот жаза тағайындады. Алайда жәбірленушінің туыстары бұл жазамен келіспей отыр.
Гаухар түнгі сағат 1.30 шамасында үйіне қарай бет алған. Алайда клубтың алдында оны осы төрт жігіттің біреуі көлікке отырғызып алып кетпек болады. Мұны клуб қонақтары көріп қалып жігіттерге айғайлайды. Осыны пайдаланған қыз жігіттерден қашып құтылады. Алайда жігіттер оны көлікпен қуып жетіп, зорлау үшін көлге алып барады. Ал клуб қонақтары өз кезегінде бұл жағдай туралы ойын-сауық әкімшілігіне айтады, бірақ олар ешқандай шара қолданбаған.
Тағы оқыңыз: Полицей 27 жастағы қызды көлігіне отырғызып зорлап тастады
Жігіттер Гаухарды көлікте ұрып талдырады. Көлге жете бергенде көліктері құмға батып, жүрмей қалады. Кейін көлдің маңында кезектесіп қызды қорлап, ойына келгенін жасайды. Бойжеткен, қуанышына орай, олардан қашып құтылады. Нан пісіретін зауытқа кіріп, көмек сұрайды. Алайда сол жердегі әйел оған көмектесуден түбегейлі бас тартқан. Кейін ол көшеге шығып көлік тоқтатады.
Сондай-ақ Дина Таңсәрі желідегі парақшасында қылмыскерлердің жеке мәліметін жариялады. Дархан Т. 1985 жылы туған, бойдақ, орта білімді, жұмыссыз, бұрын істі болған; Сағдат Т. 1989 жылы туған, бойдақ, орта білімді, жұмыссыз. 2018 жылдың шілде айында үш жылға бас бостандығынан айырылған. Ол топпен бірігіп жасаған қылмыс үшін айыпталған; Азамат Б. 1985 жылы дүниеге келген, бойдақ, орта білімді, жұмыссыз. Бұрын істі болып, жазасын өтеген; Архат М. 1986 жылы туған, қазақ, үйленген, жоғары білімі бар, Балқаш ішкі істер бөлімінде жедел кезекші болып жұмыс істеген, бұрын істі болған.
Тағы оқыңыз: Полицей қызды әріптестері жабылып зорлаған
Айыптаушы тараптың мәліметше, бойжеткенді көлікке отырғызып, бірінші зорлаған да полицей. Кейін таныстары айтқандай, бұған әйелінің қайта-қайта хабарласып, үйге келуін сұрағаны себеп болған.
Қалалық сот барлығын кінәлі деп тауып, 5,6 жылға бас бостандығынан айырды. Үш жұмыссыз қылмыскер 1,2 миллион, ал полицей 600 мың теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді. Алайда жәбірленуші тарап соттың бұл жазасымен келіспей отыр. Сондай-ақ олар жоғарғы сотқа дейін баратынын мәлімдеді.