Өңірлер

Ақтауда қандаланы қырмақ болғандар көршінің 6 жасар баласын өлтіріп алды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуЗертхана қызметшісі
Зертхана қызметшісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүлдіршіннің қай затты қолданғаннан көз жұмғаны әлі анықталмады. Полиция тексеру жұмысын әлі жалғастырып жатыр

АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. Көршінің үйіндегі дәрілеуден кейін алты жасар баланың көз жұмуына қатысты әзірге ешкім қамауға алынған жоқ. Сондай-ақ қандаланы қандай препараттың көмегімен улағаны да белгісіз болып отыр, деп хабарлайды "Лада" газеті.

Ер адам, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Бақсы өлтіріп қойған жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын баяндады

Ағасымен бірге ауруханаға түскен бес және төрт жасар басқа балалар үйге жіберілді. Облыстық балалар ауруханасының жетекшісі Кәмшат Тұрсынбекова олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ екенін айтты.

"Пәтерлерден сынама алынды. Олардың барлығы жабық тұр. Қандаланы қандай затпен қырмақ болғаны белгісіз. Себебі оны қолданған әйел атын еске түсіре алмады және қабын қоқысқа тастаған. Екінші пәтерде "Агран" қолданылған. Оны Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген және арнайы сертификаты бар. "Улы еместер" тобына жатады", — деді Маңғыстау облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер.

Тағы оқыңыз:

Полиция қызметкерлері тергеу жұмысын жалғастырып жатыр. Олар көз жұмған баланың көршілері препараттарды сатып алған сауда орындарын тексеріп жатыр. Әзірге ешкім ұсталған жоқ.

Жаңалықтар
0