АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Өскемен мейрамханаларының бірінде даяшылар мен қонақтар арасында жанжал шығып, пышақтасуға дейін барды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Ер адамдардың бірі тым болмаса бойжеткеннің нөмірін алып қалуды жөн көріп, тағы бір даяшыдан көмек сұрайды. Алайда даяшы жігіт жұмыстасының нөмірін беруден бас тартады. Осы кезде қонақ даяшыны ауыр сөздер айтып балағаттайды. Тағы бір қонақ оны соққыға жығады.
Осы төбелеске тағы екі даяшы араласып, оларды ажыратпақ болады. Алайда қонақтардың бірі бұл жігіттерге де бой бермей, екі даяшыны пышақпен жарақаттайды. Сондай-ақ, осы жағдайдан кейін оқиға болған жерден қашып кетеді. Тәртіп сақшылары оны екі сағаттан кейін қолға түсірді. Пышақ тиген мейрамхана қызметкерлері аман.
Тағы оқыңыз: Астана тұрғындары таяқ жеп жатқан әйелге араша түспеді
Сот шешімі бойынша, мейрамхана қонағы кінәлі деп табылып, үш жылға бас бостандығы шектелді. Мұнымен қатар, 300 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалып, зардап шеккен екі даяшының әрқайсысына 150 мың теңге мөлшерінде өтемақы төлеуге міндеттелді.