Қоғам

"Пышақ ала жүгірді" Астаналық депутат-модель қалай соққыға жығылғанын айтып берді

© Sputnik / Владислав ВодневДинагул Тасова
Динагул Тасова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыздың айтуынша, 34 жастағы бұрынғы сүйіктісінің психологиялық проблемасы бар

АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Былтыр желтоқсанда төсін жалаңаштағаны үшін қазақстандықтардың сынына іліккен модель Динагүл Тасова өзін соққыға жыққан жігітінің үстінен неге арыз жазбағанын түсіндірді, деп хабарлайды тілшісі.

әйел - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Төсін жалаңаштаған Астана депутаты жұрттың ашуын тудырды - фото

28 жастағы Динагүл Тасова – VII шақырылымдағы Астана жастар мәслихатының депутаты. Ресми түрде модель болып істегеніне бес жыл болған. Өткен жылдың 30 қарашасында қазақстандық дизайнер Дана Дүйсембаева ұйымдастырған сән көрсетілімінде астары жоқ ашық көйлек киіп шығып, жұрттан сөз естіген еді.  

"Маған ашық көйлек киесің деп алдын ала ешкім ескерткен жоқ. Бұл сахналық образ, іш киімсіз шығасың деді. Мен де келістім. Көрсетілімнен кейін екі сағат ішінде жан-жақтан менің суретім басылған сілтемелер келе бастады. Бәрінде менің депутат екенім жазылған", - дейді ол Sputnik мультимедиялық баспасөз орталығында

Тасова бұған дейін журналистерге өзінің депутат екенін айтып, сұқбат бермегенін атап өтті. 

© Sputnik / Владислав ВодневДинагул Тасова
Динагул Тасова - Sputnik Қазақстан
Динагул Тасова

"Жастар мәслихаты қоғамдық бірлестік. Мен онда істейтінімді ресми түрле жариялаған емеспін. Бірақ, инстаграмдағы парақшамда депутат екенім көрсетілген", - деді модель. 

Көрсетілімнен кейін он күн өткен соң, сүйіктісі оны соққыға жыққан.

Әйел - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада төсін жалаңаштаған депутат соққыға жығылды

"Арамызда ешқашан құпия болған емес, менің киіміме араласпайтын, тыйым да салған жоқ. Бұған дейін іш киім көрсетіліміне де қатысқан едім. Ол кезде де ештеңе деген жоқ. Бірақ, мынау соңғы көрсетілімнен кейін ұра бастағанда, оның бұл әрекетін мүлде түсінбедім. Әлеуметтік желілердегі аккаунттарымды өшіріп, телефн, компьютерімді тартып алды. Мені жіберші деп жалындым. Бір кезде ол маған кілтті лақтырып, жүгір деді. Мен далаға атып шығып, сол күйі оны көрген жоқпын", - деді ол. 

Айтуынша, сүйіктісі оны қылқындырып, пышақ та ала жүгірген. 

"Бір күні менің жұмыс орныма хабарласып, өзін БАҚ өкілі деп таныстырып, менімен сөйлеспекші болды. "Сен әлі тірі жүрсің бе" деген кезде, оның мені жай жібере салмайтынын түсіндім. Сөйтіп оны тоқтату үшін фотосессия жасауды ұйғардым", - дейді депутат-модель. 

Осы фотосессиядан кейін бұрынғы жігіті хабарласып, психологиялық проблемасы бар екенін айтқан.

"Мен онымен соттасқым келмейді, оның мінезін жақсы білемін. Одан сайын ерегісіп алғанын қаламаймын. Оның үстіне біреудің жалғыз ұлы, қазір психологқа қаралып жүргенін айтты. Менен кешірім сұрап, бес жыл бойы кемшіліктеріне көз жұма қарағаным үшін алғысын айтты. Сондықтан оның үстінен арызданбадым", - дейді қыз.

© Sputnik / Владислав ВодневДинагул Тасова
Динагул Тасова - Sputnik Қазақстан
Динагул Тасова

Айтуынша, 34 жастағы бұрынғы сүйіктісімен азаматтық некеде болған.

"Үйленбеген, бала-шағасы жоқ. Бір жақсы жерде техникалық директор болып істейді", - деді модель.

Жаңалықтар
0