АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандықтар VII шақырылымдағы Астана жастар мәслихатының депутаты Динагүл Тасованың кеудесі көрініп тұрған ашық-шашық киімін қызу талқылап жатыр.
Депутат және модель Динагүл "Fashion Night Astana" кешінде Dana Dyusembayeva сән үйінің көйлегін киіп подиумға шықты. Көйлектің кеуде тұсында астары жоқ, модельдің төсі толық көрініп тұр. Дизайнердің есебі бойынша, мұндай көйлекті іш киімсіз кию керек.
Әлеуметтік желі қолданушылары әдеттегідей екіге бөлініп, пікір таластыруда. Кейбір адамдар астаналық депутатты жақтап сөйлесе, басқалары қызды кінәлап жатыр.
Динагүл Тасова Арменияда өткен "Топ модель СНГ-2018" байқауынан кейін танымал болды. Тәж үшін ТМД мен Еуропаның 16 елінен 30 қыз таласқа түскен еді. Қазақстандық ару Ереваннан "Медиа модель" титулын жеңіп қайтты.