Оқиға

Шығыс Қазақстанда 400-ден астам жолаушы қар құрсауында қалды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуқыс, жол
қыс, жол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізушілер мен жолаушылар "Алматы-Өскемен" тас жолында қар құрсауында қалды

АСТАНА, 20 қаңтар — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында "Алматы-Өскемен" тас жолында көліктер кептелісте тұр. Боранда жолға шыққан ондаған көлік қар құрсауында қалды. 

Қар көшкіні - Sputnik Қазақстан
Әлем
Бір сағат бойы қар астында жатқан бала құтқарылды
Жолда жеті автобус, 45 "КАМаз", 30 жеңіл көлік, 8 "ГАЗель" және 420 адам кептелісте тұр, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Қар құрсауында қалғандарға көмек көрсетуге құтқарушылар келді (13 адам мен 6 техника). Бірақ адамдар көліктерін тастап кетуден бас тартты. 

Жолды тазартуға "Қазақавтожол" кәсіпорнының төрт техникасы жұмылдырылды. Қардың астында қалған жолдың ұзындығы — үш километр. Бұл бағыттағы автожолда қозғалыс сағат 12:00 бері жабық. 

Қазіргі уақытта Таскелең ауылындағы Үржар аудандық әкімдігінің мәдениет үйінде жолда қалғандарға жылыту орындары ұйымдастырылған.

Жаңалықтар
0