АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Францияда тау шаңғысы курортында қар көшкіні астында қалған он екі жасар баланы іздеу бір сағатқа созылды, деп хабарлайды Савойя жандармериясы.
"Бір сағат бойы қар астында жатқан баланы Жетро деген із кескіш ит пен сержант Рафаэль С. тауып алды. Оған қошемет көрсетейік, себебі 15 минуттан соң қар астынан тірі адамды табу — таңғажайып оқиға", — деп атап өтті құқық қорғаушылар Twitter желісінде.
Hier, à @LaPlagne, l'adjudant de @Gendarmerie Raphaël C. et son chien Gétro ont sauvé un enfant emporté par une avalanche.
— Christophe Castaner (@CCastaner) 27 декабря 2018 г.
👏 Bravo à ces #HérosDuQuotidien!
Partout en France, policiers, gendarmes & sapeurs-pompiers veillent sur nos massifs: suivez leurs conseils de prudence. pic.twitter.com/kaaoTiQgG0
Бірнеше жасөспірім Ляплань станциясындағы шаңғы тебуге болмайтын жерге шығып кеткендіктен, баланы іздеу ұзаққа созылыпты. Оның үстіне жасөспірімнің күртесінде қар астында қалғандарды табуға көмектесетін арнайы детектор болмаған.
Бельгиялық овчарка Жетро қызметтік мансабында алғаш рет адам құтқарыпты.