Әлем

Әйел адам телефонының паролін бермегені үшін күйеуін тірідей өртеп жіберді

© Photo : CC0Оттық
Оттық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ерзі-зайыпты арасында ұялы телефонның паролі үшін жанжал туындап, арты қайғылы аяқталды

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Индонезияның Шығыс Ява провинциясында әйел ұялы телефонының паролін айтудан бас тартқан күйеуін тірідей өртеп жіберді, деп хабарлайды Metro.

Шырпы - Sputnik Қазақстан
Әйеліне ерегіскен ер адам төрт жасар баласын тірідей өртеп жіберді

Ильхам Кахьяни күйеуі Деди Пурнамадан телефонының пин-кодын сұраған. Шатырды жөндеп жатқан 26 жастағы ер адам паролін айтқысы келмейді. Сол кезде ерлі-зайыпты арасында жанжал шығып, күйеуі төмен түсіп, 25 жастағы Кахьяниге қол көтереді.

Ол да жауап қайтарып, екеуі төбелесе бастаған. Әбден ашуға булыққан әйел бензин құйылған ыдысты алып, Пурнаманың үстіне шашады да, оттықпен тұтатып жібереді.

Өртті көшеден өтіп бара жатқан адам байқап қалып, тез арада жалынды сөндіруге көмектескен. Пурнама екі күннен кейін ауруханада көз жұмды. Әйелі қамауға алынды.

Жаңалықтар
0