Әлем

Әйеліне ерегіскен ер адам төрт жасар баласын тірідей өртеп жіберді

© Photo : PavlofoxШырпы
Шырпы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт шыққан уақытта Дадаханов әйелімен бірге үйден қашып шыққан, ал олардың баласы үйде қалып қойған

АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Ресейдің Челябинск облыстық соты 30 қазанда Өзбекстанның 31 жастағы тумасына төрт жастағы баласын тірідей өртеп жібергені үшін үкім шығарды, деп хабарлады centralasian.org.

нәресте - Sputnik Қазақстан
Әлем
Хэллоуин қарсаңында бес айлық қызды асқан қатігездікпен өлтіріп кетті

Бахром Дадаханов бірге тұратын әйелмен ұрысып қалған. Ашуға булыққан ол өзін, әйелді және төрт жастағы баласын өлтіргісі келген, деп жазды жергілікті ақпарат құралдары.

Сотталушы ауладағы автокөлігінен канистрге бензин құйып әкелген. Үйінде ол бензинді үстіне, әйелге, бөлмедегі жиһазға төккен. Өрт шыққан уақытта Дадаханов әйелмен бірге үйден қашып шыққан, ал олардың баласы өртенген үйде қалып қойған.

"Тергеу кезінде Дадаханов үйді басқа біреулер өртеді деген. Бірақ жәбірленуші тарап бұны жоққа шығарды", — деді Челябинск облысы прокурорының аға көмекшісі Наталья Мамаева.

Бахром Дадаханов 19 жылға сотталды, ол жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.

Жаңалықтар
0