Қоғам

Лукин Қарағандыдағы қайғылы оқиға жайлы: кім болса да, жазадан құтыла алмайды

© Sputnik / Владислав ВодневАндрей Лукин
Андрей Лукин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды облысында браконьерлер екі инспекторды жаралап, біреуі көз жұмған еді

АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Бас прокурор Қайрат Қожамжаров Қарағанды облысында инспекторларға шабуыл жасау ісін жеке бақылауына алды. Бұл туралы бүгін бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қарағандыдағы қанды оқиға: қашып жүрген күдікті ұсталды

"Аталған факті бойынша Бас прокурор оқиғаны жеке бақылауына алды. Полиция департаменті ауыр қылмыс жасаған күдіктілерді анықтау бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", — деді Лукин мәжіліс кулуарында.

Бұған қоса, ол ІІМ орталық аппаратының бір топ қызметкері жергілікті полицейлерге көмек көрсету үшін Қарағанды облысына аттанғанын мәлімдеді. 

"Таяу арада қылмыстың ашылатынына сенімдімін. Кінәлі адамдар анықталып, қамауға алынады", — деді Бас прокурордың орынбасары. 

Лукин күдікті кім болса да, қылмыстық жауапкершіліктен құтыла алмайтынын атап өтті. 

"Адам өлімі – кез келген жағдайда отбасы үшін, айналасы үшін трагедия. Бас прокурор да, ішкі істер министрі де аталған істі бақылауына алғанына сендіргім келеді. Күдікті кім екеніне қарамастан, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылып, Қылмыстық кодекске сәйкес жазаға кесіледі", — деп сендірді Лукин. 

Еске сала кетсек, 13 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында браконьерлер "Охотзоопром" инспекторларына шабуыл жасады. Инспекторлар күдік туғызған автокөлік пен құжаттарды тексергелі жатқанда, браконьерлер қарсылық көрсеткен.

Екі инспектор да ауыр жараланып, ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі көз жұмды.

Жаңалықтар
0